Автор: admin

Байұлы туралы. Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі – Байұлы. Ол шежіре бойынша Кіші жүздің құрамына еніп, Алшын одағына кіреді. Алшын Кіші жүздің басында тұр, қазақ аңызы бойынша ол Алаш ханның баласы. Алаш ханның үш ұлы болған, үлкені – Әлім. Одан Әлімұлы бұтағы өрбиді. Әлімұлы ежелден аға ұрпақ санатында, оның рулары орданың үлкені деп есептеледі. Алаш ханның ортаншы баласы Қадырқожаның он екі ұлы болған, сол себепті еркек кіндікті балаға бай, ұлға бай аталған. Сөйтіп содан он екі ата Байұлы ұрпағы тараған. Ал кенже баласынан жеті ұл туып, Жетіру ұрпағын құрайды деген аңыз бар. [6, 98-б.] Байұлы руы кіші жүз ішінде сан жағынан…

Read More

©Алаш айнасы иллюстрациясы Жәдік Әулеті – Жәдік сұлтаннан тараған әулет. Ол қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. «Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады. В.В. Вельяминов – Зернов 1864 жылы өзінің “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінде Жауық (Джаук) есімін Жәдік (Джадик) деп оқу керектігін, өйткені Жәдік пен басқа да деректерде келтірілетін Йадық есімінің бір…

Read More

    Соңғы жылдары Қытай елінде қазақ спортшыларының тебіні қатты. Шәкене тұрпат қытайлардың көптігімен шаң шығарса да, жекпе-жек спортта мән шығара алмайтынын үкіметі де түсінген сыңайлы. Соған орай қазақ балаларын қақпайламай, түрлі деңгейдегі спорт құрамаларына тартуда. Бұл қазаққа пайдалы. Ұл-қыздарымыз Қытай үшін майданға түсее де, жеңіске жетсе қазақтың аты шығады. Себбеі, қазақтың Қазақстан дейтін мемлекеті бар, қара орман халқы бар, өз баласының жетістігін айдай әлемге жар сала жаяды. Қытайдың Алтай аймағы танымал спортшылар көп шыққан өңір. Атағы әлемге жайылған бокс пен күрестің дарабоздары бір қауым. Өзге спорт түрлерінен де кенде емес. Әсіресе, Алтай аймағына қарасты Қаба ауданы былғары қолғап сайыпқырандарының…

Read More