Baq.kz – Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері аясында Париждің Palais Royal алаңында киіз үйлер тігілуде. Айта кетейік 31 қазан мен 2 қараша аралығында өтетін «Қазақ ауылын» бүкіл Париж жұртшылығы тамашалай алады. Дәл қазір Palais Royal алаңында дайындық жұмыстары жүруде. Бұған дейін Елисей алаңының театрында қазақстандық әртістердің қойылымы париждік өнерсүйер қауымын тәнті етіп, үздік бағаланған еді. Француз көрермендері қойылымды субтитрлар арқылы тамашалай алды. Қазақтың киіз үйлерінен ұлттық қолөнер бұйымдарын да көре аласыздар. Дайындық жұмыстарынан көрініс
Автор: admin
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін…
-Биылғы жылы «Кемпіріңіз» көрерменге жол тартты. Сіз кезекті картинаңызды түсіріп болысымен бізде «Тұрсынов тағы не былықтырып, не бүлдірді екен?» деген ой туатын болды. Тұрсынов және комедия. Қоғаммен ымыраға келе алмай текетіресіп жүретін сіздің комедия түсіруге талпынысыңыздың өзі, мысалы, менің езуіме күлкі үйірді… — «Тұрсынов тағы не былықтырды?» деген пікірлерге менің етім өліп кеткен. Мені жек көретіндер қара күйесін жақсын, кінәласын. Мейлі ғой, бәрі періште болсын, мен-ақ күнаға батайын. Әр жаңа фильмім шыққан сайын табандарының астына бір түсемін, қалауынша табаласын. Мұның жақсы жағы да бар. Егер Тұрсынов бірдеңе түсірсе, ел ең болмаса «не бүлдіріпті?» деп жерден алып, жерге салу үшін де киноға…

