Автор: admin

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін салынған санкцияларды күшінде қалдырды. Бұған дейін ЕО елдері Украинадағы жағдайды саралап, санкцияларды алу не азайту әлде күшіне қалдыру туралы шешім қабылдайды деп жоспарланған. Италия мен Венгрия Ресейге салынған санкциялар нәтиже берген жоқ деп санайды. Бірақ санкцияларды алып тастау үшін бұл мәселеде ЕО-ның барлық мүшелерінің келісімі болуы қажет. Мысалы, Литва Ресейге қарсы шараларды қатаңдату керек деп біледі. azattyq.org

Read More

©Алаш айнасы иллюстрациясы АШАМАЙЛЫ КЕРЕЙ — Қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей (керейт) тайпалары бірлестігінен таратылады. Ашамайлы этнонимі жөнінде жорамал көп. Керейдің төр шежіресінде келтірілетін нұсқалардың бірінде — Ақарыстың бір баласы Дана биден Қоянбай, одан Сарыкерей, одан Қараби туады. Ашамайлы Керей мен абақ керей осы Қарабиден тарайды дейді. «Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады Шежірелік осы жүйеге…

Read More

1996 жылы кездейсоқ апат салдарынан әкем қайтыс болғанда «Аттап өткен өмірдің бала жасын» деп зарланған зарлы толғауымның   Қанша түзу қармасын жесір ескек, Қайық өрге жүзбейді кекіректеп. Енді не дер, оттайтын оспадарым, «Мұнда сенің атаңның басы жоқ!»,- деп.   Бабам жатқан жер еді білгенге бұл, Су қараңғы бұл жайдан мүлдемге тұл. Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып, Көкитіндер болып жүр мүрдеңе құл.    …. деген жолдары Астананың іргесіне қоныстанған Қояндыдағы елдің отын ойрандап, ошағын бұзып, шаңырағын шағып ойына келгенін істеп жатқан иттерді көрігенде есіме түсіп, ашу-ызам қайнап төмендегі өлеңді жаздым,– Б.Бақытбек-Бурылалтай Тағдырына улы зорлық жасалып, Шаш ал десе…

Read More