Қазақстандық ғалымдар геропротектор (қартаюдан қорғаушы) жасау үшін бие сүтін пайдаланбақшы, деп мәлімдеді Қазақ тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Қазақстандық ғалымдар геропротектор (қартаюдан қорғаушы) жасау үшін бие сүтін пайдаланбақшы, деп мәлімдеді Қазақ тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов. «Бие сүті пайдалы қасиеттеріне қатысты өз бағасын әлі алған жоқ. Оның құрамында сирек кездесетін химиялық элементтер бар, ол дәрумендерге, минералды заттарға және ферменттерге бай. (…) Қазақ тамақтану академиясы көп жылғы зерттеулер нәтижесінде бие сүті мен қымызды өкпе туберкулезіне, темір тапшылығы анемиясына, жүрек- қан тамырлар жүйесінің ауруында, қатерлі ісік — онкологиялық ауруларға қарсы күреске бағытталған емдік-профилактикалық зат ретінде қолдануды ғылыми негізде дәлелдеп, ұсынып отыр», -…
Автор: admin
Моңғолдың «ноқталы аюының» жамбасын сындырған Қайысбай балуанды қазақ жұрты біле ме? Қазақтың қатпар-қатпар тарихына үңілетін болсаңыз адам нанғысыз оқиғалардың куәсі боласыз. Ешкім тарихты қолдан жасамайтынын ескерсек, бүгінгі әңгімемізге де сенбеске амалыңыз жоқ. Мейлі, қай ел болсын, қазақ мекен еткен даланың тарихы тұнып жатқан шежіре. Сол елді мекендердің бірі — бүгінгі «Арғы бет» аталып кеткен Қытайдағы қандастарымыз мекен етіп жатқан Алтай өңірі. Осы өңірде орақ тілді шешен де, от ауызды көсем де, жауына бас имеген батыр да, жауырыны жерге тимеген балуан да өткен. Сол балуандардың бірі — есімі елге танылған әйгілі Қайысбай балуан. Бала күнімде Қайысбай балуан туралы аздап…
Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығын кең көлемде атап өтуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Қызылорда теміржол вокзалы алаңында ұлт азаттық жолындағы күрестiң қас батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының ескерткіші ашылды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, жиналған қалың көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, отанымыздың қасиетті байтақ даласын дұшпаннан қорғаған батыр бабаларымызды ұлықтап, лайықты құрмет көрсету біздің перзенттік парызымыз деген болатын. Бүгін міне, халқымыздың тұтастығы мен еліміздің бірлігін ойлаған ұлт азаттық көтерілістің бас қолбасшыларының бірі, Сыр бойынан шыққан қас батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлына арнап облыс орталығында батырдың…

