Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Сарапшылар «Қазақстан-Украина ғарыштық әріптестігін» құп көреді
Қоғам

Сарапшылар «Қазақстан-Украина ғарыштық әріптестігін» құп көреді

22/10/20140

Украина президенті елінің Қазақстанмен ғарыш саласында әріптестік орнатуға ниеті барын айтқан күннің ертеңінде «Роскосмос» украиналық зымыранға керек қозғалтқышты бермейтінін мәлімдеді.

Ресейлік "Союз" зымыраны. Байқоңыр, 2 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейлік «Союз» зымыраны. Байқоңыр, 2 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазанның 22-сі күні «ресейлік «Роскосмос» агенттігі украиналық «Южмаш» кәсіпорнына «Зенит» зымыранына керек қозғалтқышты беруден бас тартқаны хабарланды.

«Известия» басылымының жазуынша, «Зенитті» жасайтын «Южмаш» тиесілі ақысын төлемегендіктен «Роскосмос» осындай шешім қабылдаған.

Бұдан бір күн бұрын Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск қаласына барған сапарында елінің ғарышты игеру мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен де әріптестік орнатқысы келетінін мәлімдеген еді.

Ғарыш саласы мамандары үш ел арасындағы әріптестікке бұл мемлекеттердегі саяси ахуалдың да әсер етіп жатқанын айтады.

«УКРАИНА ЗЫМЫРАН ҚҰРАСТЫРУДАН ЖАҚСЫ»

Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігі өкілі (аты-жөнін атамауды өтінді) «Зенитке» қатысты жаңалықты Украина мен Ресей арасындағы саяси дағдарыстың салқыны деп біледі. Ол 2013 жылы осы үш елдің ғарыш агенттіктері арасында «Зенит» зымыран тасығышына негізделген «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру келісімі жасалғанын еске сала келе:

"Зенит-2СБ" зымыран тасығышы ұшқалы тұр. Байқоңыр, 9 қараша 2011 жыл.
«Зенит-2СБ» зымыран тасығышы ұшқалы тұр. Байқоңыр, 9 қараша 2011 жыл.

– Украина мен Ресей арасындағы соңғы саяси жағдайларға байланысты қазір бұл елдер арасындағы үшжақты байланыс үзілген. Сондықтан Қазақстан бұл салада Ресеймен бөлек, Украинамен бөлек қарым-қатынас орнатуға мәжбүр болып отыр, – деді.

«Украина зымыран құрастыру жағынан жақсы» екенін, «өндірістік кәсіпорындары да жақсы дамығанын» айтқан «Қазғарыш» өкілі Киев пен Астана арасындағы әріптестік өндірістік және ғарыштық реттеулер жағынан өрбуі мүмкін деп болжайды.

Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігі өкілі Украина президентінің кешегі «Қазақстанмен әріптестік» жайлы сөзіне баға беруге ертерек екенін айтты.

«ҚАЗАҚСТАНҒА ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІ ТУЫП ТҰР»

Ал «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының шеф-редакторы Нұрлан Аселкан «Қазақстан батылдық жасап, Ресеймен ғана емес, Еуропа не Украинамен де ғарыш саласында әріптестікті нығайту керек» деп есептейді.

– Қазақстан өзінің зымыран тасығышын құрастырып, Байқоңырда тең жағдайда жұмыс істеу үшін жағдай жасауы керек. Егер Украина технологиясын беріп, әріптестік орнатуға дайын болса, Қазақстан одан бас тартпауы керек. Бәлкім, Қазақстанда ең үздік өнімді таңдау мүмкіндігі де пайда болатын шығар. Себебі Украинаның ғарыштық өнімдері халықаралық нарықта сұранысқа ие және аса сапалы, – дейді ол.

"Ангара-1.2ПП" зымыраны Ресейдің Плесецк ғарыш айлағында тұр. 27 маусым 2014 жыл.
«Ангара-1.2ПП» зымыраны Ресейдің Плесецк ғарыш айлағында тұр. 27 маусым 2014 жыл.

Нұрлан Аселкан «Украина «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасынан кетсе, жоба тұралап қалады» деп біледі. Келісім бойынша, бұл кешен ресейлік «Ангарадан» бас тартып, украиналық «Зенит» зымыран тасығышына ауысуға тиіс болған еді.

– Бұл кешен жайлы Ресей айтқан ұсыныстардың барлығы ақыры жүзеге асқан жоқ. Шын мәнінде жоба тығырыққа тірелді. Ресей билігіне тиесілі көптеген құрылымдар әріптестікке келмей отыр. «Зенитке» балама техника жасау үшін Ресейге көп уақыт керек болады. Егер мұны Украина жасаса, сапа жағынан да ұтуы мүмкін деп, – деді  «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының шеф-редакторы.

«АНГАРА» VS «ЗЕНИТ»

Қазақстан, Ресей және Украинаның ғарыштық агенттіктері 2013 жылы шілдеде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені жайлы келісімге қол қойғанымен, бір жыл өтпей жатып бұл шарттың орындалуына күмән туған. Биыл жазда Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев «Бәйтерек» украиналық «Зенит» зымыран тасығышына ауыспайтынын, «оған себеп – саяси ахуал» екенін айтқан.

– Біз жобаны бастадық, барлығын қарастырдық, «Жол картасына» қол қойдық. Бірақ кенеттен «Зенит» зымыранын жасайтын Украинада қақтығыс басталды. Жоба тағы тоқтап қалды, –  деген Талғат Мұсабаев.

Ресей мен Қазақстан Байқоңырда «Бәйтерек» деп аталатын ғарыш зымыран кешенін тұрғызып, бірлескен кәсіпорын ашуға 2004 жылы келіскен еді. Кешен ол кезде «ғарыш аппараттарын Ресейдің экологиялық қауіпсіздігі аса жоғары «Ангара» зымыран тасығышымен ұшыруды» мақсат еткен. Қазақстан жобаны қаржыландыруды мойнына алған. Ресей Байқоңырды жалға алу келісімі бойынша Қазақстанға жыл сайын аударылатын қаражат есебінен жұмыстарды бастай беруді ұсынған. Кешен құрылысы 2010 жылға қарай аяқталады деп жоспарланған.

Бірақ жобаны қаржыландыру сол күйі басталмады. Ресейдің «Известия» газеті 2012 жылдың аяғында «Роскосмос» агенттігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, «Бәйтерек» жобасының жүзеге асуы қазір мүмкін емес» деп жазды.

Ресей 1955 жылы 2 маусымда салынған Байқоңыр кешенін 1994 жылдан бері жалға алып келеді. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Ресейдің Байқоңыр кешенін жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған. Ресей ғарыш айлағын жалға алғаны үшін Қазақстанға жыл сайын шамамен 115 миллион АҚШ долларын төлейді.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleНұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты.
Next Article Үндістан шаһзадасының Тәуке ханға жазған хаты табылды

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.