Автор: admin

Рейтинг: Рахат мырза, саясаттанушы және тәжірибелі журналист ретінде айтыңызшы, адамзат дамуы неге қарулардың дамуына өте байланысты? Рахат Мамырбек: Өз басым Қазақстан журналистерін (жалпы журналистерді де) эксперт санамаймын. Сондықтан бұл сұраққа журналист ретінде емес, саясаттанушы ретінде жауап берейін. Оның өзінде мен саясаттану мамандығын бес жыл ғана оқыдым. Ағылшын тілінен бір ауыз сөз білмейтіндер 98 балл (өзім куәмін) алып, магистратураға түсіп кеткенде мен құлап қалғам. Егер осы «дәрежемді» қанағат етсеңіз, ойымды айтайын. Бірақ, мұндай жалпылама сұраққа жауап беру өте қиын. Бұл «философиялық» сауалға өзім білетін ойға жақын адамдардың сөздерін келтірейін. Мәселен, Л.Н. Толстой әскери қызметті теріс әрекет деп білген. Сондықтан жұртты қолына…

Read More

(«Талтүс» романның жалғасы) Таласбек Әсемқұлов Әскери билеттi алғаш көргендей аударып-төңкерiп ұзақ қараған. — Қанша уақытқа келдiң? — Бiр айдай уақытқа, — дедi Әжiгерей. Комиссар шалқая бере мырс еттi. — Менiң тарихымда болмаған нәрсе. Осы Баршатасқа военком болып келгенiме аттай жиырма жыл болды. Келгенде осы өзiң сиякты өрiмдей жас едiм. Шенiм лейтенант. Мiне, қазiр капитанмын, — Иығындағы погонға немқұрайды иек қаққан, — Осы жиырма жылдың iшiнде, бiр ай демалысқа келген адамның, өзi запастағы солдаттың әскери есепке тiркелгенiн бiрiншi рет көрiп отырмын. Тәртiптi екенсiң. Жақсы солдат болған болуың керек. Рахмст, бауырым, — Үстелдің суырмасын ашып төрт қырлы мөрдi алды да сияға болар-болмас…

Read More

Белгілі саясаттанушы, «Нұр Отан» партиясының бұрынғы хатшысы Ерлан Қарин президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚСЗИ ұжымына жаңа басшыны президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин таныстырған. Ерлан Қарин бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр отан» партиясының хатшысы қызметтерін атқарған. ҚСЗИ-ді бұған дейін Болат Сұлтанов басқарған.

Read More