Автор: admin

   Қытай мен Қазақстан арасын жалғайтын Қарамай-Аягөз теміржол құрылысы аяқталуға жақын. ШҚО Аягөз қаласына Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономды районы Тарбағатай аймақтық округі партия комитетінің бірінші хатшысы Жаң Бо бастаған делегация келіп қайтты деп хабарлайды ШҚО, Аягөз адындық әкімдігінің баспасөз қызметі. Аудандық әкімдік ғимаратында өткен екіжақты кездесуде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев мәртебелі меймандарды өңірдің әлеуметтікэкономикалық жағдайымен таныстырып, екі аймақ арасындағы қарым-қатынастың неғұрлым тиімді тұстарына тоқталды. Кездесуде Қазақстан мен Қытай елдері арасында жанданып келетін сауда-экономикалық, мәдени байланыстардың өміршеңдігіне баса назар аударылды. Екі елді жалғайтын Қарамай-Аягөз теміржолы тек Қазақстан мен Қытайға ғана емес, сондай-ақ, Ресей, оңтүстік-шығыс Азия және…

Read More

Брифингтің алдында Нұрсұлтан Назарбаев және Ж.М.Баррозудың қатысуымен  Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімінің жобасы бойынша келіссөздердің аяқталғандығы туралы құжатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжатқа қол қою рәсімі болып өтті. Қазақстан Президенті өз сөзінде Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында дипломатиялық қатынастар орнатқан сәттен бері жиырма жыл өткеніне және осы жылдардың бәрінде өзара іс-қимылымыз өрлеп отырғанына тоқталды. — Қазақстанның сыртқы саудасының 50 пайызы мен елімізге келген және экономикамызды көтерген тікелей шетелдік инвестициялардың 50 пайыздан астамы ЕО елдерінің үлесіне тиеді. Қазақстан өз кезегінде біріккен Еуропаның Орталық Азиядағы…

Read More

Бүгін EURO-2016 іріктеу турнирінің 2-тур ойындары басталды. Украина құрамасы қонақта Белоруссияны 2-0 есебімен ұтса, Ресей құрамасы Швециямен тең ойнады. Англия өз алаңында Сан-Мариноны тас-талқан етсе, Испания құрамасы Словакияға есе жіберді. Беларусия – Украина – 0:2 (0:0) Голдар: Мартынович, 82 – автогол (0:1), Сидорчук, 90+3 (0:2) 10 қазан. Борисов. Стадион “Борисов-Арена”. Төреші – Пол ван Букел (Голландия). 2-тур ойындарының басқа нәтижелері төмендегідей: Швеция – Россия – 1:1 (0:1) Голдар: Кокорин, 10 (0:1). Тойвонен, 49 (1:1). Пенальти соға алмады: Ларссон (Ш),  13. СЛОВАКИЯ – ИСПАНИЯ – 2:1 (1:0). Голдар: Куцка, 17 (1:0). Алькасер, 82 (1:1). Стох, 87 (2:1). СЛОВАКИЯ – ИСПАНИЯ – 2:1 (1:0). Голдар: Куцка, 17 (1:0). Алькасер, 82 (1:1).…

Read More