Автор: admin

Өткенде теледидарға қарап отырып біз сырттай сыйлап жүрген бір ағамыздың кейде кеңестік дәуірді аңсаймын деген әңгімесін естіп қалдым. Ол кезде бұқараға көп жағдай жасалды, жұрттың көңілі тоқ, көйлегі көк болған еді дейді әлгі ағамыз. Өкінішке қарай, осындай пікірлерді жиі болмаса да ара-тұра естіп қаламыз. Меніңше, мұндай әңгімелерді большевиктер жүргізген сұрқайы саясаттан бейхабар адамдар айтатын сияқты. Бірақ, біліп тұрып, наданның сөзін сөйлейтіндері де бар. Мұндайлар көбіне ұлттық мүддені түсіне бермейтіндер немесе уызына жарымаған қандастарымыз екені айтпаса да түсінікті. Егер, «қызыл қырғынның» не үшін қолға алынғанын аңғарса есі бар адам Кеңес одағын аңсауын сап тияр еді. Енді, сол коммунистердің құйтырқы әрекеттерінің…

Read More

Ашық Алаң «Каспий астанасы» аталып кеткен Астраханда Каспий жағалауы елдерінің 4-саммиті аяқталды.«Каспий бестігінің» қатысушылары Каспидің құқықтық мәртебесін және аймақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылады. Ресей, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Түркіменстан президенттері кездесу нәтижесінде үш келісімге қол қойып, біріккен мәлімдеме жасап, қорытынды коммюнике қабылдады. Владимир Путин бес мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нәтижелі деп атады. Путиннің осы пікірін түсінуге болар, ал Қазақстан президенті Назарбаевтың ресейлік әріптесіне жалтақтап, оны қоштауы түсініксіз. Өйткені Ресей өзінің мақсатына жетті, Қазақстан болса, әдетінше оның саясатының ықпалына еріп келеді. БІРАЗ ТАРИХ 1991 жылға дейін Каспий бойынша барлық мәселелерді екіжақты негізде, алдымен Ресей Империясы мен Парсы елі, кейін КСРО мен Иран шешіп келді.…

Read More

Еуропа Одағы мен Қазақстан қазанның 9-ы күні тығыз экономикалық және саяси байланыс орнататын келісім жасау бойынша келіссөз жүргізді. 280 беттік «Жақсарған әріптестік пен ынтымақтастық келісімі» атты төрт жыл бойы даярланған құжаттың соңғы детальдарын талқылау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге ресми сапар жасаған күнмен сәйкес келді. ЕО Орталық Азиядағы ең ірі әкономика, Ресейдің Кеден Одағы мен құрылғалы жатқан Еуразия экономикалық одағындағы басты серігі болып саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге барынша бейіл. Назарбаев постсоветтік елдердің Ресеймен, Қытаймен және ЕО-мен экономикалық интеграциясы мәселесінде тепе-теңдік сақтау ісінде епті саясаткер болып көрінеді. ЕО-ның Совет Одағы құлай салған кезде жасаған ескі бір келісімінің орнын басатын бұл жаңа құжат алдағы бірнеше…

Read More