Беларус президенті Александр Лукашенко EURONEWS тілшісіне сұхбат беріп , Украинаға қатысты пікірін білдірді. » Украина бір түтас және бөлшектенбеген мемлекет болып қалуы керек. Кейбіреулер » бір кездері Қырым Украинаның құрамына заңсыз өтіп кетті , ол ресейдің жері «деп жүр. Бұл дұрыс қадам емес . Олай болса, Бату ханның заманына немесе моңғол-татар шапқыншылығы заманына оралайық. Онда ресей мен Шығыс Еуропа тұтастай жерін Қазақстан мен Моңғолияға берулеріне тура келеді…».
Автор: admin
Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды. Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді. akorda.kz
4 қазан күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медалімен (жиыны 84 жүлде — ред.) жалпыкомандалық есептегі 4-орнын сақтап қалды. Жарыстың соңғы күні қазақстандық каратэшілер Екатерина Хуповец — күміс, Халид Халидов қола медаль иеленді. Қазақстан осы жолы Азия ойындарындағы медаль санынан өз рекордын жаңартты. Қазақстан спортшылары 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында 79 медаль (24 алтын — ред.) алған еді. Келесі Азия ойындары 2018 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтеді. azattyq.org

