Аспан асты еліне ат ойнатқан Оспан батыр Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаған қалың қазақ жұртына жиырмасыншы ғасыр ала келген Қазан төңкерісі отамалы оқтай әсер етті. Таған тартқан жаңа Кеңес өкіметінің айперен әмірі мен қалыпқа сыймайтын қағидасы ұлан даланы еркін жайлаған көшпелі елдің көшелі жұртының барақат өміріне тұсау салып, дәмді дәстүр, сарқынды салтынан айырды. Қара қазан, сары баланың қамы үшін атқа қонған қалың жұрттың алды сеңдей сөгіліп, селдей төгіліп, атажұртын тастап ауа көшті. Қайта айналып келмейтін барақат өмірден енді барқадар таппасын сезінген елге жаңа өкіметтің тақияға тас тастағандай етіп айтқан өктем өкімі мен қорадағы малына, қосақтағы жанына ауыз сала бастауы тікендей қадалып,…
Автор: admin
Шыңғысханның кезінде Алтын Ордадан бөлініп шыққан атақты керейлер әулетін Қажыгерей құрған болатын. Оның ұлы Меңлігерейдің тұсында (1475) жылдары Қырым хандығы Осман империясына бағынышты болып қалады. Кейін осы тұқымнан шыққан билеушілердің барлығы сұлтанның келісімімен ғана таққа отырды. XVI — XVIII ғ. Қырым хандығы түріктердің барлық жаулап алу жорығына қатысады. Олар Ресей мен Реч Посполитаның бітіспес жауы болып, бұл мемлекеттерді үнемі үрейде ұстады…. Қырым хандығын құрған Қажыкерей мен одан кейінгі билеушілер Меңлігерей мен Дәулеткерейдің суреті. Бұларда ханды сайлау үшін, арғын, қыпшақ, шырын және барын деген атақты төрт рудың бейлері құрылтайда арнайы бас қосатын болған. Қырым хандары керейлер тұқымынан шыққан. Туған жерлерін қырым…
Дүниеден өткен жақсы адам туралы естелік жазғаннан ауыр дүние жоқ па дедім. Жақсы қырын айтуға қиналғаннан емес, өзегіңді өкініш кернегеннен… Өткенде ғана осы естелікті Әмірхан ағам бақилық болғанда жазып ем. Қайталауға тура келіп тұр. Сөз таппағандықтан емес, екеуіне де ортақ оқиға болғандықтан… 2006 жылдың көктемі болатын. Біздер ол кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде 3-курста оқимыз. Жастық максимализм ұрып тұрған сәт. Факультетте «Қаламгер» жас әдебиетшілер клубын жүргізетінбіз. Сол клуб айналасында Смағұл Елубай, Қуандық Түменбай, Бексұлтан Нұржекеев, Сұлтанәлі Балғабаев, Дидар Амантай, Амангелді Кеңшілікұлы, Таласбек Әсемқұлов және Әмірхан Балқыбек сынды мүйізі қарағайдай қаламгерлерді шақырып, «Қазақ прозасының бүгіні мен болашағы» тақырыбында дөңгелек…

