Автор: admin

Өлгий қаласының әкімі Қабай Өнерханұлы мен Алтай қаласының әкімі Мурат Шәкейұлы екі қала арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуға байланысты меморандумға қол қойды. Қол қойылған меморандум аясында тараптар бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келіп, Өлгий мен Алтай қалалары арасындағы экономикалық, мәдениет туризм, спорт, білім салалары мен шағын өнер кәсіпті дамыту және өзге бағыттарды дамытады. 2013 жылы аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы ҚХР – Шыңжан Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағына жасаған ресми іс сапарында екі аймақ тығыз байланыста болып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас, денсаулық саласы, білім және мәдени гуманитарлық, ауыл шаруашылық, туризм саласын дамыту үшін өзара қарым-қатынас жасау туралы меморандумға қол қойып, Өлгий және Алтай (ҚХР,…

Read More

Қазақстан Еропалық одақпен жаңа келісімшарт жасауды аяқтап келеді. Ол қалай жүріп жатқаны және оның өзара ынтымақтастыққа қалай әсер ететіні туралы ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Еуропалық одақтың сыртқы байланыстар қызметінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Гуннар Виганд айтып берді. Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан Еропалық одақпен жаңа келісімшарт жасауды аяқтап келеді. Ол қалай жүріп жатқаны жəне оның өзара ынтымақтастыққа қалай əсер ететіні туралы ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Еуропалық одақтың сыртқы байланыстар қызметінің Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия департаментінің директоры Гуннар Виганд айтып берді. — Сіз Еуроодақ пен Ресей арасындағы санкциялар алмасуы Қазақстан…

Read More

        Алдағы қыркүйектің 22-сі қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне 25 жыл толады. 1989 жылы ҚазССР Жоғарғы совет президиумының төрағасы марқұм Мақтай Сағдиев қол қойған тарихи құжаттың көшірмесін жаңа тауып алып тағы бір қарап шықтым. Сосын ақыры кітаптарымды ақтарып кеттім ғой деп архивімдегі қазақ тілін мемлекеттік органдарға ендіру мен оқытуға қатысты қағазға түскен барлық үкімет қаулылары мен заңдарды шолып өттім. «Қазақ тілін 25 жылда үйретіп һәм үйреніп болатын уақыт баяғыда жетті ғой» деп таусылып жүрген адамдарға қиын тиейін деп тұр. Өйткені қазақ тілін мемлекеттік мекемелерде қолдану мен қазақ еместерге үйрету атты науқан сонау 1921 жылдан басталып кеткен…

Read More