Бас прокуратура Қазақстан аумағында тіркеуден өтпеген шетелдік каналдардың хабар таратуына тыйым салуды ұсынады деп хабарлайды kaz.gazeta.kz. «Бізді қазір алаңдатып отырғаны, республикада жұмыс істеп отырған каналдардың жартысы дерлік ресейлік, олар өкілетті мемлекеттік органда есепке алынбай отыр.Олар сонда барып, есепке тұруға тиіс», деді сейсенбіде Астанада бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында. Оның айтуынша, бас қадағалаушы ведомство жуық арада бұл жағдайды талдап көрген. «Енді үкімет алдына мәселе қоймақпыз. Біздің ойымызша, өкілетті органға келіп тіркеуден өтпеген каналдарға Қазақстан аумағында хабар таратуға тыйым салу керек». «Олар жиі провайдерлерге сілтеме жасайды, біз өз ақпаратымызды сіздерде таратпаймыз, оны істеп…
Автор: admin
Отырыста әлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Алматыда Дүнижүзілік бокс қауымдастығының (AIBA) жаңа академиясы ресми түрде ашылды, — деп жазады «Алаш айнасы». Академия Алматының маңындағы Іле Алатауының бойында, экологиялық таза аймақта орналасқан. Академияның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, AIBA-ның презиеденті Чинг Куо Ву, AIBA-ның вице-президенті Тимур Құлыбаев, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев, Олимпиада ойындарының чемпиондары Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, мұхиттың арғы жағында кәсіпқой бокстан ел намысын абыроймен қорғап жүрген Қанат Ислам сынды белгілі азаматтар қатысты. Әу баста академияны салу құқығын Канада мемлекеті ұтып алған еді. Бірақ, «үйеңкі жапырақ» елінің өкілдері қаржылық қиындықтарға байланысты бұл жобадан бас тартқан. Кейін Еуропаның бірнеше елдері үміткер…

