ҚазАқпарат — Қазақстанның 9 университеті әлемдегі ең үздік Жоғары оқу орындарының қатарына енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты. «Бүгінде QS рейтингісі бойынша біздің бір жоғары оқу орнымыз ТОР-300 тізіміне кіреді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал ТОР-400-ге Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енеді», — деді Тахир Балықбаев. Оның айтуынша, тағы 7 қазақстандық университет ТОР-800-ге тұрақтап отыр. Вице-министрдің айтуынша, 2010 жылы Болон процесіне қол қойылып, Қазақстанда бірқатар ұстанымдар енгізілген болатын. «Осындай ұстанымдардың бірі сапамен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі болып табылады. Кейбір университеттердің аккредитациялаудан өтпей қалатын жағдайы белгілі…
Автор: admin
Пайдаланылуға берілген күннен бастап аталған ұшақ түрлері «Дала қыраны», Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Ашық аспан» халықаралық жаттығуларына қатысты. Қазіргі кезде бұл ұшақтар әскерлерді тасымалдау, жас ұшқыштар құрамын үйрету үшін пайдаланылуда. Испанияның «Airbus Militari» концернінде әзірленген С-295 ұшағын ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери ұшқыштары полковник Рүстем Тілеумағамбетов пен капитан Бауыржан Бисебаев басқарып келді. Авиаторлар испанияның Севильи қаласында теориялық және практикалық оқып-үйренудің толық курсынан өтті.
Baq.kz — Қанат аға, елге қош келдіңіз. Сізді Алматыға келді дегенді ести сала, сұхбаттасуға асықтық. Елге айтар жаңалықтарыңыз көп шығар. 18-інші жекпе-жегіңізді жеңіспен аяқтағаныңыз құтты болсын. Өкінішке қарай отандық арналардан көре алмадық. Шетелдің сайттарынан тауып алып тамашаладық. Қарсыласты 5 раундта тізе бүктірдіңіз. Бұл жұдырықтасуыңыз қаншалықты қиын болды? — Бұл жекпе-жекке 3 ай дайындалдым. Қарсыласым осал боксшы емес. Тәжірибелі спортшы. Ашық жұдырықтаспайды. Аяқта көп қимылдайды. Өзіне сай әдіс-айласы бар. Жекпе-жек Колумбияда өтті. Колумбия Майамиден қарағанда биігірек жерде. Ауа райына үйрене алмай, сәл шаршаңқырадым. Бірақ, жекпе-жек мен ойлағандай өтті. Фидель Монтерросадан кейінгі қарсыластарым мықты болмақ. Енді мен, 12 раундтық жекпе-жектерде жұдырықтасамын. -…

