Орталық Азиядан Ирак пен Сирияға «жиһадқа аттанушыларды» зерттеп жүрген саясаттанушы Азаттықпен сұхбатында қазақстандық биліктің «дәстүрлі емес» діни топтармен қарым-қатынасы туралы айтты. Ерлан Қарин, Орталық Азиядағы діни радикализмді зерттеп жүрген саясаттанушы. Сурет әлеуметтік желіден алынды Ғалым БОҚАШ Сириядағы соғыс қимылдарына қатысып жатқан ИШИМ («Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті», арабша ДАЕШ деп аталып кеткен – ред.) содырлар ұйымы биыл күтпеген жерден Ирактың біраз аумағына бақылау орнатып, «жиһад жолымен халифат құрғандарын» жариялады. Дүние жүзі бойынша бірқатар исламшыл топтардан жақтастар тапқан ИШИМ содырларының қатарына қосылып жатқандардың ішінде жүздеген қазақстандықтың бар екені хабарлана бастады. Азаттық бұл құбылысты зерттеп жүрген саясаттанушы Ерлан Қаринмен Қазақстандағы «діни радикализмнің»…
Автор: admin
АҚШ пен Еуропа Одағы енгізген жаңа санкциялардың әсерін Ресей бірден емес, ұзақ уақыттан соң сезінетін болады дейді сарапшылар. Көрнекі сурет. БАНКТЕР ЖАПА ШЕГЕДІ «АҚШ пен Еуропа Одағының (ЕО) жаңа санкциялары Ресей экономикасын бірден есеңгіретіп тастамаса да, елдің қаржылық тұрақтылығын ұзақ мерзімге әлсіретеді» дейді экономистер мен сарапшылар. Украина дағдарысы кезіндегі әрекеті үшін Кремльді жазалауға арналған санкциялар Ресейдің қаржы, энергия және қорғаныс салаларын қамтыды. «Олар капиталдың Ресейден кетуін тездетіп, рецессияға әкеледі, себебі негізгі банктердің қарызға алу құны артып, Ресей экономикасына инвестиция салу азаяды» дейді Азаттыққа экономист Сергей Гуриев. Экономист Сергей Гуриев. «Жақын уақытта экономикаға айтарлықтай әсер етпесе де, болашағына кері ықпал етері…
Мақпал Жұмабай Александра Якутиядағы ұлттық мектептің бірінде саха тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Қазақстан дегенде, көзінен ерекше бір жылылық сезіледі. Өзінің айтуынша, “Қазақстанды арқа тұтады. Қазақ халқының еркіндігін мақтан етеді. Әрқашан тілеуін тілейді”. Александраның мына сөзінен кейін бір жауапкершілік пайда болды. Оның осынау кіршіксіз сезіміне лайық болғым келді. Сахалар туралы іздене келе, қазақ үшін аяулы сол есімнің саха үшін да қастерлі болып шыққанына қуандым. Ол – қазақтың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы Мұхаметжан Тынышпаевтың есімі. Саха халқы өзінің шығу тегін зерттеуге түбегейлі ден қойғанына жиырма жылдың жүзі болды. Олар үшін тарих беттерінде қалған әр дерек маңызды. Ал…

