Дидахмет ағаны, белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлын бір кісідей білем. Көңілі толмаған дүниеге онша-мұнша пікір білдіре бермейді. Ал, оқырман көзайымына айналған»Салт-дәстүр сөйлейді» кітабына Дидахмет ағам өзінің жоғары бағасын берген екен, оқып риза болдым. «Мен бұл кітапты оқып шыққан кезде есіме Паустовскийдің «Золотая роза» деген шығармасы түсті. Ғашығына не сыйларын білмеген бас кейіпкер күнде зергердің қоқыс жәшігін ақтарады. Үгіліп түскен алтын ұнтақтарын жинап, одан алтын раушан гүлін жасап шығады. Айтайын дегенім – шын ғашықтың мақсатына жету үшін талмай еңбектенгені. Қажымай қаншама тер төккені. Құмнан да ұсақ шаңды, тіпті тозаңды жинап отырып, тұтастай дүние шығарғаны. Мына кітапты құрастырған азаматтардың еңбектері соған пара-пар. Олар…
Автор: admin
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Теңгенің нығаюына қажетті кеңістік туып отыр. ҚР Ұлттық банкі теңгенің бағамының +/-3 дәлізін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда өткен ІҮ Ислам қаржыландыру конференциясы барысында мәлім етті.«Теңге бағамының 185 теңгеден +/-3 дәлізі Ресей рублінің 40-42 бағамына шаққанда өте шыдамды болып отыр. Тамыздағы қорытындыға сәйкес еліміздің алтын-валюталық ресурстары 27,7 млрд. теңгеге өсті. Бірақ кейбіреулер неге екені белгісіз, шығын көп деп жатыр. Қазір теңгенің нығаюына қажетті кеңістік туып отыр. Соның ішінде біз +/-3 дәлізін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Ол 185 бағамынан +3, -15 болады. Одан әрі 181,180, 179 бағамдарының ауылы алыс емес. Біз…
«Ислам мемлекеті» тобының мүшелері. (Көрнекі сурет) Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, интернетте «Ислам мемлекеті» ұйымы содырларының Шешенстан мен Солтүстік Кавказдың мұсылмандар басым тұратын басқа да аймақтарында соғыс ашатыны туралы мәлімдеген видеосы пайда болған. Орыс тіліндегі аудармасымен түсірілген видео «Әл-Арабия» телеарнасынан көрсетілген. Ресейлік «НТВ» телеарнасы хабарында видеодан үзінді де келтірген. Онда исламшылардың Сирияның солтүстігінде басып алған жойғыш ұшақтың кабинасынан сөйлеп тұрған бір содыр көрінеді. Телеарнаның хабарлауынша, «Ислам мемлекетінің» өкілі Шешенстан мен Солтүстік Кавказды «Алланың рақымымен» азат ету жоспарын барын айтқан. Содырлар бұған қоса шабуылдарында жойғыш ұшақтарды пайдаланатындарын да ескерткен. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

