Автор: admin

 Ұлттық қорғаныс университетін аралап, әскери оқу орнының тыңдаушылары мен оқытушылық құрамының алдында сөз сөйледі. Министр Университет ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып,  Қарулы Күштерді жетілдіру саласының жаңа талаптарын орындауға бағытталған әскери білім міндеттеріне тоқталды. Министр «әскери қатынасы жағынан дайындығы жоғары кадрлар мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші фактор» деп атай отырып, «қазақстандық офицер мемлекеттік тұрғыдан ойлау қабілетіне ие болуы, сондай-ақ жан-жақтылығымен және мықты даярлығымен ерекшеленуі тиіс», — деді. «Бірінші Президент – Ұлт көбасшысының атын иеленген университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы сапалы әскери біліммен қамтатамасыз ететін үлгілі оқу орны болуы керек», — деп пайымдайды Министр. Әскери оқу орнынының тыңдаушыларына «мемлекеттің оқу үшін бөлген уақытын…

Read More

Түркілерге ортақ тарихты ұйғыр ғалымдары «тонап» жатыр. Бішкектегі «Демократия» құқық қорғау ұйымының төрағасы Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» (Китай угрожает миру) атты кітабын оқып шығып, осындай ойға қалдық. Автор түркі халықтарының беткеұстар Махмұд Қашқари, Әмір Темір, Әлішер Науаи сынды тұлғаларын ұйғыр ұлтының өкілі етіп иемденіп алған. Тіпті «Оғыз хан тұңғыш ұйғыр империясын құрды» деп жазады. Оның деректеріне сенсек, Күлтегін, Бумын қаған, Тұмар ханшайым, Еділ патша – барлығы да ұйғыр болыпты-мыс. Бұл түркілер тарихын бұрмалау емес пе? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді. Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» атты бұл кітабы 2010 жылы Стамбул қаласындағы «Мудараба» баспасында жарық…

Read More

Мәулен Әшімбаев. ©Марат Әбілов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Владимир Путиннің қазақ мемлекеттілігі туралы пікіріне қатысты ойын білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. «Мен Қазақстан аумағында мемлекеттілік болған жоқ деп айтуды дұрыс емес деп ойлаймын. Мүмкін бұл Ресей мемлекеті басшысының мәлімдемесі мәтінінен жұлынып алынған сөз шығар, мүмкін бұл дайындалған мәлімдеме емес, экспромт шығар. Бірақ Қазақстан аумағында мемлекеттілік болған жоқ деп айту, меніңше, дұрыс емес», — деді Әшімбаев журналистерге Мемлекет басшысының қатысқан Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталмас бұрын. «Біздің аумақта ғасырлардан бері мемлекеттілік болғанын бәріміз білеміз. Біздің мемлекеттілігіміздің тамыры біздің аумақта құрылған Ұлы Түркі қағанаты…

Read More