Автор: admin

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов пен Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «Еуразиялық экономикалық даму моделі шеңберіндегі ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының мәселесі» деген тақырып әңгіме болды. Ұлттық экономика ми­нистрінің орынбасары ЕАЭО жағдайындағы Қазақстанның ұстанымдары жөнінде әңгімелей келіп, «Қазіргі уақытта ақпарат кеңістігіндегі өзекті тақырыптың бірі Қазақстанның экономикалық одақ елдерімен валюталық ынтымақтастығына байланысты болып жүр. Бұған қатысты Қазақстан ЕАЭО аясында бірыңғай және ұлтүстілік валютаны енгізу мүмкіндігін жоққа шығару бойынша айқын әрі жүйелі ұстанымға ие. Бұл мәселені мүлде талқыламаймыз. Тіпті күн тәртібіндегі тақырыпқа ешқашан кіргізбейміз», деді Т.Жақсылықов.

Read More

Қазақ елінің қазіргі билігі тоқсаныншы жылдардың ортасында егемен еліміздің екінші премьер-министрі қызметін атқарған Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИНді елге қайтару мәселесін ойластыра бастағанға ұқсайды. Бұл туралы бүгін түс ауа «Нұр Отан» партиясындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап, ҚазТАГ хабарлады. «Негізі, Әкежан МАҒЖАНұлының өз отанына қайтатын уақыты болды. Әрине, бұл мәселеде бірқатар заңдық кедергілер бар, ол кедергілер әлбетте, кезінде Рахат ӘЛИЕВтің «әжептәуір әрекеттенгенінің» арқасында Қажыгелдиннің сырттай сотты болуына байланысты. Ал қазір жағдай өзгерді, сондықтан да, менің ойымша, кезінде шет ел асып кеткен, бірақ әлі де болса өз еліне ойдағыдай қызмет атқара алатын азаматтарымызды елімізге қайтаратын уақыт келген сияқты» деді «Нұр Отандағы» ақпарат көзі аталмыш агенттік тілшісімен болған әңгімесінде. Ал, енді…

Read More

Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы «Ертіс» клубының қақпашысы Давид Лория «менің балаларым қазақша білуге – міндетті» деп санайды. Бұл ойын бізге де айтты, деп жазады «Алаш айнасы». Жақында әлеуметтік желілердің бірінен тасқамал қақпашы Давид Лорияның «менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек» деген сөздерін оқып қалдым. Орыс тілінде шыққан мақала екен. Содан Давидті іздестіре бастадым. Өз аузынан естігім келді. Хабарласудың сәті кеше түсті. Давид шынымен де балаларының қазақша білгендігін қалайтынын шегелеп айтты: – Иә, мен балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек деп ойлаймын. Қазір оның…

Read More