Арнайы қазақ тілділер үшін болған оқиғаны жазып берейін!
Қайрат деген бизнесменнің ашынасы əрі бір баланың анасы, мына шалды тастап, жас Əліби деген жігіттің басын қатырып жүреді. Айнұр Мисс екі жақтың да басын қатырып жүрген . Айнұрдың Əлібиге келіп жүргені бəрі үйінің бақылау камерасына жазылып қалған. Айнұрдың жүрісін біліп қойған Қайрат Əлібиге звондап Айнұрдың үйіне шақырады. Əліби барады. Барған кезде Қайрат бизнесмен жалғыз емес, жүргізушісі Толикпен, қорғаушысы Арман болады. Əлибиді əбден ұрып, адам өлтіргенмін деп айтқызып видеоға түсіріп алады. Əлибиді үтікпен күйдіріп, құлағын кесіп, басына секіріп құлағын естірпей тастаған. Егерде біреу міреуге айтсаң отбасыңды қырамыз деген . Сосын Əлибиді көшеге лақтырып кеткен. Ал Əлибидің əкесін халқынан интернет арқылы көмек сұрауға мəжбүр еткен, мынау Астана ішкі істер органдағылары үш күннен кейін кепілдікпен босатамыз деген. Əліде Нұрлан ағамның Отбасына қауіп төніп тұр. Өйткені əліде қорқыту үркіту болып жатқан көрінеді. Бір қызығы Айнұр қыз ақшаға сатылып па əлде қорыққаннан болар Əлибиге қарсы шағым жазып отыр. Заңды сатып алуға болатын шығар, бірақ баланы жалғыз ұрпағыңды жасың келгенде қайдан сатып аласың! Қылмыскерлер жазасын алсын. Мен ҚР азаматшасы ретінде осы қылмыстың соңына дейін бақылауда ұстап, заңды жазасын алуды ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаевтан сұраймын!
Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан алынды
Мен өлесі етіп сабалған Әлібиді жақсы танимын. Ұлыбританияның Норвич қаласында тілдік курста бірге оқып едік. Бірден айта кетерім,
мен оны мінезі биязы, ағалап тұратын кішіпейіл, қазақы тәрбиеде өскен ақкөңіл жігіт ретінде таныдым. Сұңғақ бойлы, келісті келбетті, тарамыстай денелі келген Әлібидің мінезі де сондай көркем екеніне мен кепіл. Ағылшын тілін оқуға келген Әліби ағылшын отбасында тұрып, жатпай-тұрмай тек тіл ұстартуға ынта қойғаны есте. Еш артық мінезін көрмедім.
Әлібидің әкесінің ет жүрегі езіле, қайғыдан қан жұтқан зарлы жанайқайына әлеуметтік желідегі барша қазақстандықтар дүр сілкінді. Тек қана инстаграм желісінде #ЖивиАлиби тэгімен бір күннің ішінде 10 мыңнан астам !!! пост жарияланыпты. Қазақстандықтар ғана емес, шетелдік азаматтар да өкінішін білдіруде. Мұның өзі қоғамның азаматтық санасының бұрынғыдан бетер ояна бастағанының зор белгісі. Біреудің қайғысын өз қайғым деп қабылдау қоғамдық самарқаулықтың қатып қалған сеңін бұзып, азаматтық жауапкершілігімізді нығайта бастады. Әрине, адамның жәбірленгені бәрімізге ауыр тигені тиді, ал екіншіден, бойымызда бар әлеуметтік немқұрайлықтың соңғы сарқыншақтарын күйретіп тастағанына куəміз. Мен соған қуанамын. Бұл жақсы нышан.
Nurlan аға бекем болыңыз ! Ұлыңыз үшін неден болсын тайынбайтын берік ұстанымыңызға разымын. Халық сізбен бірге !
Әуесбайдың Қанатының facebook тегі парақшасынан алынды



