Автор: admin

«Алаш» – күллі қазақ үшін қастерлі ұғым. Бұл сөз жайдан-жай емес, ерекше жағдайда айтылып, кезінде қанға қуат, жанға жігер берген, жеке адамдардың санасын оятып қана қоймай, оларды біріктіріп, ынта-жігерін бір арнаға бағыттап, ортақ ұлттық мүддеге жұмылдырды. Заманауи ұлттық санамыздың негізін қалаған, «алаш азаматтары» аталған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және Ахмет Байтұрсынов бастаған топ. Ұлттық саясатымыздың тәлім болар ең озық үлгілері – Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің іс-әрекеттері. Иә, рухани дүниемізде осындай орны бар «Алаш» сөзін біз қалай түсініп, бүгінде қалай қолданып жүрміз? Тарихшыларымыз алты алашқа қазақтың үш жүзін, Ташкент маңындағы құраманы, қырғыз бен қарақалпақты жатқызады. Алаш – ХІІІ ғасырда, қазақтың…

Read More

Руслан МЕДЕЛБЕК Қытайдың Нанкин қаласында екінші жасөспірімдер олимпиада ойындары мәреге жетті. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадада үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді. 28 тамыз 2014 жыл. Суреттер авторы — Руслан Меделбек. 1Жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақта финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, 17 тамыз 2014 жыл. 2Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев марапаттау рәсімінде тұр. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл. 3Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) пен бапкері Қален Қалиұлы. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014…

Read More

Израиль армиясының Палестина халқына жасап отырған зорлықты күші күн өткен сайын қанды қырғынға ұласуда. Палестинаның Газа секторына (облысына) әскери операция бастағанына 1 айдан асты. Еврей мемлекетінің әскері соңғы үлгідегі соғыс техникаларын қолдана отырып, Палестина территориясындағы қала, елді мекендерді аяусыз атқылауда. Соның салдарынан бүгінгі күнге дейін қаза болған бейбіт палестиналық тұрғындардың саны 1900 адамнан асты, ал жараланғандар мыңдап саналады. Басқыншы армия палестиналықтарды жас-кәрі демей бомбалап, ракетамен атуда. Танк және БТР-дің қолдауымен еврей солдаттары Газа қаласы мен жанынадғы ауылдарға кіріп, бейбіт халықты қырып, үй-жайларын, мешіттер мен мектептерді қиратты. Жерорта теңіз жағалауындағы соғыс кемелері де ракета, артиллериямен атқылап, елді мекендерді талқандады. Бір ғана…

Read More