Шеттегі қазақтардың өз отанына оралуы ұзаққа жалғасатын тақырып. Өзге елдерде өмір сүріп жатқан 5 миллион қандасымыз аман болады екен, оларды елге қосу үшін талай қызмет жасауымызға тура келеді. Себебі, тарыдай шашылу – ұлтымыздың кешегі тағдырына жазылған соры болса, оларды көктудың астына шоқтай жинау – бүгінгі қазақтың маңдайына бұйырған бағы. Қазір отанына оралып жатқан қазақтың көші азайып кетті. Біз оның барлық себебін тізіп отыруды мақсат етпейміз. Ал, қара орман қазақ жұрты өз қандастарының еліне, атажұртына оралғанына шын қуанады. Соңғы кезде шеттен келетін қазақтарға деген биліктің көзқарасы сәл жұмсарып, алдымен 5 жылға созып, кейін әупірімдеп жүріп әрең 4 жылға түсірген азаматтық алу…
Автор: admin
Anuar Shotbay facebook парақшасынан алынды Қазақ Автономиялы республикасы 1920 жылы қазан айында жарияланды. Соның алдында, қазақ жерінің шет-шегін белгілеу үшін Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков (баяндамашы) Ленинге, бірде Сталинге кіріп жүріп, 1920 жылы 24 тамыз күні Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясын бекіттірді, оған Ленин мен Сталин қол қойды. (Біз сол бекітілген территорияның қазір 15 пайызынан айрылып қалдық. Қарақалпақстан, Шыршық – Өзбекстанға, Елек, Алтайдың арғы беті, Жазатыр жотасы Ресейге берілді). Бүкіл әлем мемлекеттері 1991 жылы сол территорияны Қазақстан мемлекетінің жері ретінде таныды. Сондай тарихи оқиғаның 90 жыл толуы атаусыз қалды (бес-алты жылдан кейін жүз жыл толады). Қазіргі геосаясат тұрғысынан алғанда аса…
Украина президенті Петр Порошенко осы елдің парламенті — Жоғарғы Раданы таратып, парламент сайлауын 26 қазан күні өткізуге жарлық шығарды. Бұл шешімі жайлы ол Twitter-де хабарлады. Заң бойынша, сайлау жарлық шыққан соң 60 күн ішінде ұйымдастырылуы тиіс. Порошенко парламентті таратудан бірнеше сағат бұрын телефонмен Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпеймен сөйлескен. Әңгіме барысында Порошенко 25 тамыз күні елдің шығыс бөлігіне ресейлік танкілер кіргеніне алаңдаушылық білдірген. 26 тамыз күні Минскіге баратын Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонмен кездесуі тиіс. Бүгін Беларусь астанасында «Кеден Одағы-ЕО-Украина» форматындағы отырыс болатыны да хабарланған. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та…

