Руслан МЕДЕЛБЕК
Қытайдың Нанкин қаласында екінші жасөспірімдер олимпиада ойындары мәреге жетті. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадада үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді. 28 тамыз 2014 жыл. Суреттер авторы — Руслан Меделбек.
1Жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақта финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, 17 тамыз 2014 жыл.
2Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев марапаттау рәсімінде тұр. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.
3Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) пен бапкері Қален Қалиұлы. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.
4Қазақстандық жас боксшы Абылайхан Жүсіпов рингке келе жатыр. Нанкин, 24 тамыз 2014 жыл.
5Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (ортада) жасөспірімдер олимпиадасының жеңіс тұғырында. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
6Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов (көк формада) финалда кубалық Алаин Лимонтені ұтып, олимпиада чемпионы атанды. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
7Бокстан Нанкин олимпиадасының чемпионы Абылайхан Жүсіпов. Нанкин, 24 тамыз 2014 жыл.
8Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған жас балуан Мұхамбет Қуатбек (ортада) марапаттау рәсімі кезінде. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
9Қазақстандық Татьяна Капустина (сол жақта бірінші) — ауыр атлетикадан 63 килограмнан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері. Қытай, Нанкин, 22 тамыз 2014 жыл.
10Қазақстан көркем гимнастика құрамасының топтық жарыста қола жүлдеге ие болды. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
11Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының финалда өнер көрсетіп жатқан сәті. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
12Еркін күрестен қазақстандық Мұхамбет Қуатбек финалда (көк формада) Фикс Датонды (АҚШ) жеңді. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
13Финалдық белдесуде бәсекелесінен күш асырған Мұхамбет Қуатбектің жеңіске шаттанған сәті. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
14Еркін күрестен Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанған 17 жастағы қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбек. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
15Бокстан күміс жүлдеге ие болған қазақстандық Вадим Казаков (сол жақта бірінші) марапаттау рәсімінде тұр. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
16Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері өнерлерін көрсетуге шықты. Қытай, Нанкин. 26 тамыз 2014 жыл.
17Қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қалиев (оң жақта) 77 килограмм салмақта жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды. Ол қоссайыс бойынша 310 килограмм (жұлқа көтеруде — 139 кг, серпе көтеруде — 171 кг) салмақ көтерді. Нанкин, Қытай, 21 тамыз 2014 жыл.
18Нанкиндегі олимпиадалық ойындар аренасы. 20 тамыз 2014 жыл.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы



