Іс-шараға орай Жезқазған қаласының орталық алаңында жаңа теміржолдың Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан басты стансаларымен арада телекөпір ұйымдастырылды. Станса басшылары Қазақстан Президентіне жаңа жол қатынасын пайдалануға беруге дайын екенін баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерін салтанатты жағдайда іске қосты. Барша қазақстандықтарды құттықтаған ел Президенті магистральдің ашылуын жылдың ең маңызды әлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атады. — «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолы бірнеше өңір мен бүкіл Республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатқан жоқпыз, қайта үдете түстік, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан астам…
Автор: admin
АҚШ Украинаның шығысына Киевтің рұқсатынсыз гуманитарлық жүк керуенін кіргізгені үшін Ресейді айыптады. Ақ үй бұл оқиғаны «Украина егемендігін көпе-көрнеу бұзу» деп атап, Ресейді автокеруенін Украина аумағынан шығаруға шақырыды. Мәскеу бұл талапқа көнбесе жаңа экономикалық санкцияларға тап болады деп ескертті Вашингтон. Ресейдің іс-әрекеттері Украинадағы жағдайды ушықтыруға түрткі болып отыр деп мәлімдеді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Роудс. Бұған дейін жұма күні НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Украинаға автокеруенін енгізген Ресейді халықаралық міндеттемелерін өрескел бұзды деп айыптаған еді. Оның айтуынша, бұндай іс-әрекеттер Мәскеудің одан сайын оқшаулана беруіне ғана апарып соғады. 22 тамыз күні Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы…
ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. АҚШ президенті Барак Обама мамыр айында АҚШ сенатындағы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына АҚШ-тың Өзбекстандағы қазіргі елшісі Джордж Кролдың кандидатурасын енгізді. Соңғы 10 жыл бойына біздің республикада дипломатиялық миссиясын атқарып жүрген АҚШ істерінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей сапар алдында ҚазТАГ-пен өңірдегі ахуалдың дамуы мен АҚШ-тың әртүрлі мәселелер бойынша позицияларын өзінше қалай бағамдайтынымен бөлісті. — Қазақстандық-американдық қатынастардың қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? — Қазіргі таңда қарым-қатынастар айтарлықтай жақсы деп ойлаймын. Бұл менің Қазақстандағы үшінші мерзімім. Іс жүзінде Қазақстанға менің елші ретінде алғаш келген сәтімнен бері 10 жыл өтті. Егер бәрін жинақтайтын болсам, онда бес жарым жылдан астам…

