Автор: admin

Халқымыздың өткен тарихына зер салсақ, небір қол бастаған батырлар, ел бастаған көсемдер, сырлы-сұлу сөзімен халықты аузына қаратқан би-шешендер, жұртты баурап алған өнер иелері мен ел егемендігі, ұлт бостандығы, азаттық пен әділет жолында басын бәйгеге тігіп, халықты соңынан ерткен және де бір-бірімен рухани, тіпті әр қиырда өмір сүрсе де өзара байланысты көздің қарашығындай сақтаған талай-талай қайраткер тұлғалар, бүкіл иісі қазақ жұртына үлгі-өнеге болған қаншама ардагер асыл азаматтар дүниеден өткені белгілі. Бақтияр СМАНОВ, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Келесі жылы 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өткелі отырған «Жетісудың жыр сүлейі» атанған өлең сөздің ұстасы Сүйінбай…

Read More

Baq.kz – Қазақтың теннисші қызы Зарина Дияс WTA рейтингі бойынша үздік елуліктің қатарына енді деп хабарлайды Vesti.kz. Жаңартылған тізімде жерлесіміз 46-шы орында тұр. Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда ол алты сатыға жоғарылаған.  Жалпы, WTA рейтингінің алғашқы елулігінде бұған дейін қазақтар, тіпті Қазақстанда туылған азаматтар да болмаған. Ал, тізімге енген Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Ксения Первак Қазақстан азаматтығын күні кеше алған теннисші қыздар. Соңғысы қазір біздің ел атынан жарысқа шығып жүрген жоқ. Көшбасшыларға келер болсақ, алғашқы үштік өзгеріссіз қалды. Бірінші орында америкалық теннисші Серена Уильямс, одан бір саты төмен румын қызы Симон Халеп тұр. Ал, үздік үштікті Қытай өкілі Ли На қорытындылаған.

Read More

Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Елшілігі «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы және Киев қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп, Украинаның іскерлік топтарымен кездесу өткізді. Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі А.Оспанов кездесу қатысушылары алдында сөз сөйлеп, Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер енгізу және визалық тәртіпті жеңілдету бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағына баса назар аударып, украиндық компанияларды қазақстандық нарықта белсендірек жұмыс істеуге шақырды. Киев қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Н.Засульский Украинаның сауда серіктестерінің қатарында Қазақстан Республикасы ТМД елдері бойынша 3-ші орында және сауда мемлекет-серіктестері арасында 8-ші орында тұрғанын айтты. Сонымен қатар, Украина мен Қазақстан серіктестерін іскерлік ғана…

Read More