9 тамыз күні Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырған түлектердің ішінде білім гранттарының кімге берілгені жөніндегі тізім ресми БАҚ-қа жарияланды (сілтемені бассаңыз, тізім ашылады). Биыл 34 мың 165 грант бөлінген еді. Оның 2 мың 530-ы жоғары оқу орындарының (ЖОО) даярлық бөлімдеріне, 31 мың 635 грант ЖОО-лардың 1- курсына түсуге (500 грант сырттай бөлімдерге) берілетін болған. Білім гранттарына жарияланған конкурсқа (ҰБТ) 69 мың 624 адам қатысты. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Автор: admin
Соңғы айларда суық саясат әлемдік қауымдастықты қайта қари бастады. Дұрысы, жанжаққа жалтақтап, ірі елдерден пана іздеп, қас-қабаққа қарап қалған елдерді қарып тұр десек болады. Бұған соңғы айларда тым ушыққан Украина дағдарысы әсер етті. Ірі елдердің геосаяси мүдде тартысына түсіп қалған Украинадан тараған саясат салқыны бір елді «тоңдырса», екіншісі өзін-өзі дереу «қымтай» бастады. «Жылымық» қашан есері белгісіз… «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, еш елге опа бермейтін лаңкестік, экстремистік ұйымдардың әрекеті де осымен жарысып үлкен қарқын алып кетті. Бұл жерде Таяу Шығыстағы лаңкестік топ – ИШИМ-ге қатысты айтылып отыр. Әлемдік саясатты өркениетті түрде реттеу тетігін ұстауы тиіс халықаралық ұйымдардан мән кеміп, «сәні» басым…
Baq.kz – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белбеуін 2-рет қорғауы. Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидель Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен. Ал, қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті, 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін ол 18-жеңісіне 15-ші нокаутына қол жеткізді.

