Автор: admin

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатындаҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып; 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті…

Read More

Ахмет Аляз, Қазақстан-Түркия іскер адамдар қоғамының  бас хатшысы: – Бұл мәселе өте орынды деп санаймын. Олар­дың арасында да небір дарынды, алғыр, талантты жастар көп. Соларды тауып, қолдау жасап, шет­ел­дің мықты жоғары оқу орындарында оқытып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқысын, бірақ бітірген соң Қазақстанда 5 жыл немесе шартта көрсетілген кезеңде жұмыс істейсің» деген қатаң талап болуы тиіс. Өйткені «алмақтың да салмағы бар». Шетелде алған білімінің нәтижесін өз Отанында көрсеткен дұрыс. Яғни Қазақстанның өркендеуіне, дамуына үлес қосуы тиіс. Меніңше, бұл бастама алдағы уақытта қолдау табады деп ойлай­мын. Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,  филология ғылымдарының докторы, профессор: – Өзінің тарихи…

Read More

 Гүлбаршын САБАЕВА Қазақстанға халықаралық құжаттарды қайта қарау қажет пе? Айтарымыздың әлқисасын «Халықаралық келісімдердің кепілдігін қайта қарау керек» деген риторикалық мәселемен бастауға тура келіп тұр. Соңғы кездері Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің, әсіресе, Ресей президенті Владимир Путиннің Украина құрамындағы Қырым автономиялық республикасын Ресей Федерациясына қосу туралы заңға қол қойып, Қырымды аннексиялау құжатының бір-ақ күнде бекітілуі халықаралық келісімдерден де күш тая бастағанын айғақтап тұр. Рас, Украина жағдайы бізден сәл өзгешелеу. КСРО-дан мұраға қалған ядролық қарудың көлемі жағынан әлемде үшінші дәрежеге жеткен Украинаны әлемдік қауымдастық өкілдері күшпен көндірген еді. Арада 22 жыл өткенде, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына кепіл боламын деген ірі үш империяның бірі…

Read More