Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына болатын. Тәңірі тағала түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін, өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Сол кезде тау-тас, орман-ағаш, от-су, аспан-жер барлығы «адамды менен жаратса екен» деп таласты. – Мен биікпін, менен жарат, – деді тау. – Мен әзизбін, менен жарат,– деді алтын. – Мен тасқынмын, менен жарат, – деді су. – Мен дүлеймін, менен жарат,– деді жел. – Мен күштімін,…
Автор: admin
Сонымен, білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе төмендегідей ұйғарымға келді: Бас жүлдені (темір тұлпар) – «Ерлік жыры» атты өлеңімен Қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды. Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арнап ШҚО әкімшілігі жариялаған аламан жыр бәйгесі мәресіне жетті. Мүшәйрада еліміздің белгілі ақындарынан бастап, жас таланттарға дейін бақ сынасты. Жыр додасында сексеннен астам үміткердің қатарында Монғолиядан, Қытайдан танымал ақындардың болуы мүшәйра деңгейін көтеріп, ауқымын кеңейте түсті. Бәйге қоржынына келіп түскен туындылардың ішінде батыр болмысын жан-жақты сомдаған көлемді поэмалар да, толымды толғаулар…
“KAZsport” телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы Рауан Есқали. Футбол жанкүйерлері 2014 жылғы 16 тамыз және 2015 жылғы 14 мамыр аралығында “KAZsport” телеарнасынан ағылшын премьер-лигасының тікелей көрсетілімін тамашалай алады. Футболдан шет ел чемпионаттарының ішінен ағылшын премьер-лигасы Қазақстандық футбол жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырады. Әлемнің ең «бай» футбол лигасына әрқайсысы 38 матчтан өткізетін Англияның 20 клубы қатысады (Манчестер Юнайтед, Ливерпуль, Арсенал, Челси, Манчестер Сити және т.б.). Ағылшын премьер-лигасы көп жылдар бойы әлем бойынша барлық футбол чемпионаттарының ішінде көрермендердің басым бөлігіне ие. Оны әлемнің 200 мемлекетінде трансляциялайды. Турнир аудиториясы 600…

