Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»«Болашақ» бағдарламасына шет­елдегі қазақ жастарын қосқан дұрыс па?
Сұхбаттар

«Болашақ» бағдарламасына шет­елдегі қазақ жастарын қосқан дұрыс па?

06/08/20140

Ахмет Аляз, Қазақстан-Түркия іскер адамдар қоғамының  бас хатшысы:

– Бұл мәселе өте орынды деп санаймын. Олар­дың арасында да небір дарынды, алғыр, талантты жастар көп. Соларды тауып, қолдау жасап, шет­ел­дің мықты жоғары оқу орындарында оқытып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқысын, бірақ бітірген соң Қазақстанда 5 жыл немесе шартта көрсетілген кезеңде жұмыс істейсің» деген қатаң талап болуы тиіс. Өйткені «алмақтың да салмағы бар».

Шетелде алған білімінің нәтижесін өз Отанында көрсеткен дұрыс. Яғни Қазақстанның өркендеуіне, дамуына үлес қосуы тиіс.

Меніңше, бұл бастама алдағы уақытта қолдау табады деп ойлай­мын.

 

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,  филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Өзінің тарихи Отанынан кезінде тағдырдың талайымен алыстап кеткен ағайындардың арасында білімді де білікті азаматтар жеткілікті. Сондай жастарды өзімізге тарту үшін «Болашақ» бағдар­ламасы арқылы квота бөліп, оқытып, өз елімізде қызмет беріп жатсақ, жаман ба? Олар да Қазақ­станның дамуына үлесін қосудан аянбас еді. Бірақ мұның бәрін заң аясында шешу керек.

 

Қандастарымыз тұратын мемлекеттермен халықаралық келісім­шарттар шеңберінде келісе отырып атқарған жөн. Меніңше, бұл жерде сол мемлекеттерде жұмыс істеп жатқан елшілеріміз талантты жас­тарымызды тауып, бағыт-бағдар бергені жөн. Осылайша, «Бола­шақ» бағдарламасымен сыртта жүрген қандастарымыздың да қамын жеген дұрыс.

 

Дос КӨШІМ,  «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы:

– Мұндай бастамаға тек оң көзбен қарау керек. Қуана қолдау қажет. Неге десең, олар да өз қандастарымыз.

 

Тіпті оларды осы бағдарлама аясында оқытып, «біз қаржы төледік» деп бұлдап, елге шақырудың қа­жеті де жоқ. Ол азаматтар ешуақытта Қазақстан­ның көмегін қай жерде жүрсе де ұмытпайды. Осындай атамекеніміз бар, тарихи Отанымыз бар, арқа сүйер, қажет кезінде қол ұшын созар еліміз бар деп еске алып, айта жүреді. Бұл елі­міздің қандастар алдында да, өзгелер алдында да беделін көтерер еді.

aikyn.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКЕПІЛДІК БЕРЕТІН КЕЛІСІМ
Next Article «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлық

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.