Автор: admin

Алматыда Солтүстік айналма жолының инфрақұрылымын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Барахолканың орнына 15 заманауи ірі сауда орталықтары бой көтермек.Оның 4-уі осы жылы ел игілігіне берілсе, қалғаны 2016 жылдың аяғына дейін ашылады деген жоспар бар.  Бұл жайында Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары айтты. Бүгінге дейін сот шешімі бойынша, қызыл сызыққа кірген 16 базар сүрілген. Тағы 10 шақтысы жарым-жартылай бұзылды. Сондай-ақ Солтүстік айналма жолын салу жұмыстары қыза түскен. Сегіз жолақты магистраль мен қосалқы жолдар және 5 жаяу жүргінші өткелі салынады деп жоспарланған. Осы маңдағы кейбір жер үйлер де сүрілуі мүмкін. Олардың орнына автотұрақтар салу жоспарланып отыр. «Басынан осы жолды…

Read More

 Мұхан Исахан Омаядтар мен Аббаситтер дәуіріндегі Ислам билеушілерінің желкілдеген ту ұстап, жер қайысқан қол бастап дүркін-дүркін  Византия империясына қарсы фатх жорықтарын ұйымдастыруының тарихи өзіндік себебі жоқ емес. Шығыс Рим империясының орталығы Константинополь қаласы өзінің жағрафиялық орналасу ерекшелігімен Кіші Азия мен Еуропаны һәм Оңтүстік Русь пен Қырым және Кавказды  Босфор бұғазы арқылы ашық теңізге жалғап жатқан аса маңызды нысан-тын. Яғни, Константинополь — қос құрлыққа саяси-экономикалық және мәдени тұрғыдан ықпал ете алатын стратегиялық шаһар болатын. Әсілі, мұсылман билеушілерінің Константинопольді иеленуге құмбыл болуына діни фактор әсер етті. Өйткені, Хақ Елшісі (с.а.у) өзінің хадис-шарифтерінің бірінде: «Константинополь алынады. Оны алған қолбасшы қандай керемет қолбасшы. Ал оны…

Read More

Дана — қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді. Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес! Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл. Ежелгі заманда адамдар көп сөйлеуді ұнайтпайтын. Өз сөзінен артта қалу олар үшін ұят болды. Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды. Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн. Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.…

Read More