(«1718» – құлдық таңбасы) Құрметті әлеумет! Осындай бір сәттерде, тілекке тілек қосылған, қуанышқа қуаныш қосылған қалың бір жұртты көргенде «Ел болып қана қойғамыз жоқ, ес жидық!» деп ойлаймын. Еліне тұрман болған, жұртына құрбан болған кешегі ерлердің аруағын асқақтатып, бүгінгі ел жоқшысы бола алатын көзі тірі азаматтардың тілегін бірге тілесуді дәстүрге айналдырып келе жатқандаймыз. Әйтпесе, бір-бірімізді көре жүріп, көрмегенсуден, біле жүріп білмегенсуден, ер бағын да, ел бағын да талай-талай байлап тастаған тұстарымыз аз ба еді?! «Алаштың біріксе алмайтын қамалы жоқ, бірікпесе құл болудан басқа амалы жоқ» деген екен Міржақып Дулатов. Ғылым болсын, білім болсын, еңсемізді енді көтеріп, етек-жеңімізді енді-енді жиып,…
Автор: admin
Қазақ– ертеден «қызым – барым, арым, қонағым» деп қастерлеген халық. Тумысынан батыр халықтың Тұмар мен Заринадай патшасы, әділдік пен әділеттіліктің ақ туын ұстаған Айша бибі және Қарашаштай шешендері, жарының ошағын сөндірмей, бүтін бір елді басқарған Айғанымдай көсемдері, кешегі неміс фашистеріне қарсы күресте Мәншүк пен Әлиядай қорғаны, тәуелсіздіктің ертеңі үшін күрескен Ләззат пен Сабирадай батыр қыздары болды. Көркіне ақылы сай қазақтың қызы, міне, осындай текті. Осындай батыр халықтың тағы бір қызы бүгінде 17 жасында әлемді аузына қаратып, сұлулығымен миллиондаған табынушының кумиріне айналды. Ол кім деп отырған шығарсыздар. Соңғы екі апта ішінде ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілердің таңданысын тудырып, сұлулық құпиясын…
1 тамыз күні Ақ үйден АҚШ президенті Барак Обама «Вашингтон Ресейдің Украинаға қатысты саясатын өзгертуге әсер ететін барлық тәсілдерді пайдаланды» деп мәлімдеді. Украинаның шығысында үкімет әскері ресейшіл сепаратистермен соғысып жатыр. Ақ үйде сөйлеген Обама «»санкциялар Ресейге әжептәуір зардабын тигізеді. Бұл шектеулер Путинді Украина дағдарысын шешуге мәжбүрлеуі тиіс» дейді. Бірақ ол «Ресей президенті елінің мүддесіне қарсы жұмыс істеп отыр. Кейде адамдар ақылға қонымсыз әрекеттер жасайды» деп мәлімдеді. Мұның алдында Кремль Путиннің «Батыс санкцияларынан нәтиже шықпайды» деген мәлімдемесін таратқан еді. Ал АҚШ вице-президенті Джо Байден «Американың Украина шекара күзетін нығайту үшін 8 миллион доллар көмек қаржы бөлетінін» хабарлады. Азат Еуропа / Азаттық…

