Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»“KAZsport” телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын көрсетеді
Жаңалықтар

“KAZsport” телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын көрсетеді

05/08/20140

 

“KAZsport” телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы Рауан Есқали.

Футбол жанкүйерлері 2014 жылғы 16 тамыз және 2015 жылғы 14 мамыр аралығында “KAZsport” телеарнасынан ағылшын премьер-лигасының тікелей көрсетілімін тамашалай алады.

Футболдан шет ел чемпионаттарының ішінен ағылшын премьер-лигасы Қазақстандық футбол жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырады. Әлемнің ең «бай» футбол лигасына әрқайсысы 38 матчтан өткізетін Англияның 20 клубы қатысады (Манчестер Юнайтед, Ливерпуль, Арсенал, Челси, Манчестер Сити және т.б.).

Ағылшын премьер-лигасы көп жылдар бойы әлем бойынша барлық футбол чемпионаттарының ішінде көрермендердің басым бөлігіне ие. Оны әлемнің 200 мемлекетінде трансляциялайды. Турнир аудиториясы 600 миллион адамды құрайды.

Алғашқы матчтың трансляциясының басталуы 16 тамыз күні Астана уақыты бойынша 17.45. Басқа кездесулердің уақыты туралы қосымша хабарланады.

Бұл ретте, әлемнің басқа түкпірінде қытайдың Нанкин қаласында спорттың 33 түрі бойынша 14 пен 18 жас аралығында юниор-спортшылары арасында жасөспірімдердің екінші жазғы олимпиада ойындары басталады. Қазақстанның атынан спорттың 20-дан астам түрінен 51 спортшы бақ сынасады.

Аталған жарыстарды “KAZsport” телеарнасы тікелей эфирден көрсетіп отырады. Ашылу салтанаты 16 тамыз күні Астана уақыты бойынша 18.00-де және жабылу салтанаты 28 тамыз күні сағат 18.00-де. Ойындарды трансляциялау уақыты қосымша хабарланады.

“KAZsport” спорттық телеарнасы Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ерлер арасында өтетін волейбол жарысы бойынша IV Азия чемпионатының трансляциясын бастайды. Аталған турнирге Қазақстан, Жапон, Корея, Үндістан, Қытай, Иран, Австралия, Тайланд қатысып, жарыс қорытындылары бойынша 2015 жылғы әлем лигасына үздік командалар іріктелетін болады. Турнирдің басталуы күнделікті жергілікті сағат 14.00-де. Ашылу салтанаты 18 тамыз күні сағат 18.00-де, марапаттау және жабылу салтанаты 24 тамыз күні 19.30-да.

“KAZsport” телеарнасы 25-31 тамыз аралығында ресейдің Челябинск қаласының «Трактор» аренасынан дзюдо бойынша Әлем чемпионатын трансляциялайды. Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында 14 салмақ категориясы бойынша әлем чемпионы анықталады, сондай-ақ екі топтық біріншілік өтеді. Чемпионатқа әлемнің 140 мемлекетінің өкілдері қатысады.

29-31 тамыз аралығында Астанада таеквондоның «Әлемдік Гран-при сериясы» (WTF) Олимпиадалық түрі бойынша халықаралық турнир өтеді. Сөйтіп, Астана қаласы турнирді өткізу күндері әлемнің даңқты спортшылары бас қосатын таеквондоның дүниежүзілік орталығына айналады.

«Әлемдік Гран-при сериясы» — ең көп ұпай жинап, әлемдік рейтингке енген спортшылар қатысатын беделді дода. Жарысқа әлемнің 30 мемлекетінен 288 спортшы қатысады. “KAZsport” телеарнасы аталған турнирдің де трансляциясын жүргізетін болады.

“KAZsport” телеарнасы 8-14 қыркүйек аралығында Ташкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионатын да назарынан тыс қалдырмайды.  Оған 100-ден астам мемлекеттің спортшылары қатысады деп болжануда.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan  

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБАРАХОЛКАНЫҢ ОРНЫНА 15 САУДА ОРЫНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Next Article Жүрсін Ерман Ер Жәнібек батырға арналған мүшәйраның жеңімпазы атанды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.