Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады. Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Автор: admin
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысының Жақсы ауданында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. 2014 жылдың 7-29 шілде аралығында Жақсы ауданында халықаралық экспедиция жұмыс істеген болатын. Қазба жұмыстары барысында археологтар екі қорғанды ашып, зерттеді. Соңғы корғанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде солтүстік-батысқа орналасқан моланың жоғары тұсынан VI-VII ғғ. түркі кезеңінде өмір сүрген жауынгердің тозға оралған қаңқасы табылды. Зерттеу барысында сол жерден темірден жасалынған садақтың оғы мен қару және қола сырға, ал, мола шұңқырының шығыс бөлігінде ат әбзелдерімен жерленген жылқының қанқасы табылды. Ғалымдар астындағы атымен бірге жерленген жауынгердің моласын көшпенділер өмірінде сирек кездесетін…
Жаһандану үдерістері, қала қалама, космополитизм — ұлтсыздандыру дәнін себеді. Оған тележәшік пен интернет арқылы ағылған теріс пиғылды ақпарат майданын қосыңыз. Содан ба, санадан азғындап, нигилизм (барды жоққа шығару) дертіне шалдыққан және сәләфтік діни идеологияға шырмалған ұрпағымыз баршылық. Тере берсек, қатерлі құбылыстар шыға бермек. Күллісіне қарсы қояр Тәңірі бізге берген қалқан да һәм буырқанған рух теңізінде бағыт сілтейтін темірқазық та — ұлы Абайдың мұрасы! Онда айтылмаған сөз, ашылмаған руханият сыры, сірә да, қалған жоқ. Төменде Тәңіріге, дінге, иман мен тағатқа қатысты кемеңгердің асыл ой-танымдарын азды-көпті сарапқа салып, көпке жеткізсек деген ниеттеміз. Бойына Алла тағаланың нәрі, қуаты құйылғанын түйсінген, сәйкесінше Тәңіріге махаббат…

