Автор: admin

     Қышқаша тарихи шолу  Адамзат  өркениетіндегі уақыт өлшеу дегеніміз күн, ай, жыл, ғасыр, дәуір оқиғаларын жаңылыссыз, дұрыс есептейтін көп сатылы, күрделі  мәдени  құбылыс.  Көп сатылы болатын  себебі уақыт өлшеу немесе календарь мәселесі адам-қоғам-табиғат үштігі (триадасының)  арасындағы үйлесiмдi байланысын реттеуге арналған. Бұл дегенiмiз  жай  әншейiн уақыт  межесiн есептеу ғана емес, онан да ауқымдырақ. Ол – адамдар өміріндегі елеулі діни, қоғамдық, шаруашылық оқиғаларды реттеп, тарих жадысына  таңбалап тұратын болған. Осылайша  адамзат санасы уақыт есептеу  жүйесі календарь атты  мәдениет үлгісін дүниеге  әкелді. Календардың  түрі  өте көп. Айталық,  б.э.д. ҮІІІ ғасыр мұрасы  Қорған облысы Қазақ Кочердык  ауылынан табылған қола  семсердің  (кинжал) екі бетіндегі ұзыннан  қос қатар етіп  бейнеленген…

Read More

Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мәселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына, сондай-ақ бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды. Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады. Соңында Қазақстан Президенті еліміздің барша мұсылман қауымын алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Read More

Оқырмандарымызға шетелдегі қандастарымыз жайында білу қызықты болар деген ниетпен Қазақ радиосының журналисі Жазира Амантайқызының Гамбург тұрғыны Шенол Жәдікпен «Алыстағы ағайын» хабары аясында өткен сұхбатының жазбаша нұсқасын ұсынамыз. Шартараптағы қандас бауырларды іздеп екі ел ортасындағы алтын көпірге айналған «Алыстағы ағайынның» тыңдаушыларға бүгінгі таныстыратын кейіпкері Сонау Еуропаның ірі қалаларының бірі Гамбургтың тұрғыны, қандасымыз Шенол Жәдік.  Еуропаның түрлі қалаларында жыл сайын өтетін құрылтайларға барып жүріп Шенол Жәдік есімін көп естігенмін. Десе де, бейнесінен гөрі көпшілік ағайынға есімі кеңінен таныс Шенолмен сұхбаттасып, хабар жасаудың сәті түспейтін. 2010 жылы Австрия астанасы Венада өткен кіші құрылтайдың сәтті өтуіне белсенді атсалысып, салтанатты ашылу және жабылу рәсімін жүргізген…

Read More