-
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Ол 2013 жылдан бері еліміздің білім саласын басқарып келеді. Ол оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жауап беруді бастады.
Өмірдерек:
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы — 1974 жылы 17 сәуірде туған. Қазақ.
Экономика ғылымдарының кандидаты, Пенсильвания Университетінің (АҚШ) Жоғары білімді басқару саласы бойынша докторы.
Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ) және Вена дипломатиялық академиясын бітірген. Сонымен қатар, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тәжірибеден өткен.
Еңбек жолын 1996 жылы Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон).
2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің Орта Азия бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық нарық және білім мәселелері жөніндегі жоба үйлестірушісі болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.
2007-2009 жылдары ҚР Үкіметінің және Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады.
2009-2013 жылдары — «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры.
«Назарбаев университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқорлық кеңесінің мүшесі.
2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2013 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалған.
Abai.kz
- Студент
- Аслан аға, мен қарапайым студентпін. Менің қара есебім бойынша, ҰБТ тапсыратындардың 3/2 бөлігінен астамы қазақтілді мектеп бітірушілер. Сұрайын дегенім: мемлекеттік грант та осы өлшем бойынша бөліне ме? Әлде 50/50 принципі мұндада көрініс таба ма?
-

Аслан Сәрінжіпов:
Осы мәселеген байланысты әлеуметтік желілерден түрлі пікірлерді кездестіремін. Ресми тілде айтсам, негізінен оқу орындарындағы қазақ, орыс бөлімдеріне гранттар ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы бойынша бөлінеді.
Сол қаулыға сәйкес, министрлік грантты мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ, орыс бөлімдеріне бөледі. Ал ол мемлекеттік тапсырыста оқу орындарына талапкерлер, студенттер тарапынан түсетін өтініштер, еңбек нарығындағы сұраныстар ескеріледі. Мәселен, биыл басталатын, яғни 2014-2015 оқу жылына ЖОО мен магистратура, докторантураларға арналған гранттардың 65%-ы қазақ бөліміне, 35%-ы орыс бөліміне бөлінген.
Яғни, гранттар бөлінбес бұрын ұзақ мерзімді әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.
-
-
- Айбек Тұрарұлы
- бн, 17/07/2014 — 14:15
Құрметті министр мырза! Латын алфавитіне көшу үшін қазіргі күнге дейін қандай жұмыстар істелді?
-
- Жауап
- бн, 31/07/2014 — 9:11

Аслан Сәрінжіпов:
Жалпы, латын қарпіне көшу Қазақстан тарихында ерекше маңызды кезең. Оны жүзеге асырушылар үшін өте үлкен жауапты іс, өте күрделі процесс. Қазір ғалымдар «Қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпбиге көшірудің ғылыми негіздерін кешенді зерттеу» атты ғылыми-техникалық бағдарлама жүргізіп жатыр. Аталған бағдарламаның шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі толық зерттеліп жатыр. Сонымен қатар, өзге де бауырлас елдердің тәжірибесін де зерделеп жатырмыз. Дәл осы мәселеде «арық айтып, семіз шығуды» жөн көріп отырмын. Нақты нәтижені уақыты келгенде айтамыз.
-
-
- Амандық Қорғанұлы
- бн, 17/07/2014 — 14:17
Аслан Бәкенұлы! Саламатсыз ба! 1-ші сұрағым, аралас мектептерден қашан құтыламыз, Қазақстандағы қазақ мектептері (ең алдымен, қалалық) қашан көбейеді? 2-ші сұрағым, Ресейдегі бір жарым миллион қазақтардың бір ғана мектебі бар, ол жақтағы мектептердің мәселесі жабулы қазан күйінде қала бере ме әлде стратегиялық әріптесіміздің қабағына қарап жүре бересіздер ме? Рахмет!
-
- Жауап
- бн, 31/07/2014 — 8:37

Аслан Сәрінжіпов:
Сәлеметсіз бе, Амандық! Қазақтың болашағы үшін алаңдап отырған боларсыз. Түсінемін.
Біріншіден, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін айта кетейін. Екіншіден, қазақ мектептері тым аз дей алмаймын. Республикадағы 7307 мектептің 3796-сы қазақ мектебі. Көп деуге ауыз бармайды. Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік аймақтарда мектептерде орын жетіспейтінін, үш ауысыммен оқитынын білемін. Жыл басындағы жоспар бойынша жаңа оқу жылында тағы 72 жаңа мектеп ашылуы тиіс. Бірақ, онық қаншасы қазақ мектебі, қаншасы аралас мектеп болатынын ашылатын аймақтағы жергілікті атқарушы органдар шешеді.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, өкінішке орай шетелдерде қазақ мектептерін ашуға, білім беру мекемелерін қаржыландыруға рұқсат беретін заң немесе нормативтік-құқықтық құжат, келісім жоқ.
Дегенмен, Министрлік шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін жыл сайын қазақ тілін үйрететін оқу-әдістемелік құралдарды елшіліктер арқылы жіберіп отырады.
-
-
- Қуаныш Қожабайұлы
- бн, 17/07/2014 — 14:17
Ассалаумағалейкум Аслан Бәкенұлы! Мені толғандыратын мәселе орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуы. Бұрын мектепте қазақ тілі аптасына бес рет оқытылды. Бағдарлама бойынша бес рет оқытылуы керек, ал кітап аптасына 2 рет оқытылуға ғана арналған еді. Мұғалімдер аптасына 5 рет сабақ бергенімен 3-ін шала өткізетін. Себебі, кітапта тақырыптар толық қамтылмағандықтан сабақ жоспарын неге қарап жазарын білмейді,. Одан кейін қазақ тілінің сағаттары азайтылды. Бірақ, қазіргі уақытта да кітап пен бағдарлама сәйкес келмейді екен. Осыны бір жақты қылатын уақыт болды деп ойлаймын. Рахмет!
-
- Жауап
- бн, 31/07/2014 — 8:38

Аслан Сәрінжіпов:
Уағалейкумассалам, Қуаныш! Қазір қолданыста жүрген оқулықтар мен оқу бағдарламаларының арасындағы айырмашылықты жоюды басты міндет етіп отырмыз. Былтыр, 2013 жылы жаңа оқу бағдарламасы бекітілген болатын. 2, 3, 9, 10 – сыныптарға былтыр шыққан оқулықтар пайдаланылады. Ал келесі жылы 4, 5, 6, 11-сыныптардың оқулықтарын енгіземіз.
Сонымен қатар, 2016-жылға дейін орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар дайындалып жатыр. Мәселен, қазақ тілі пәнінің сағаты арпауы мүмкін. Бірақ, Қазақстан тарихы, география сияқты пәндер қазақша оқыту сияқты ұсыныстар бар. Ол талқыланып жатыр.
-
-
- проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
- жм, 18/07/2014 — 18:42
Жұма, 18 Шілде 2014 17:01 жазған проф. Совет-Хан Ғаббасов
….Уа-а, алты АЛАШТЫҢ баласы… иісі ҚАЗАҚ азаматтары, біз ТӘУЕЛСІЗДІК алған ширек ғасыр көлемінде,
ҰЛТТЫҚ САНАҒА жетілмек түгіл, ХАЛЫҚТЫҚ САНАДАН да азғындап бара жатқанымызды ашық айтпаса
болмас ?!..
Міне, жаңа ғана интернеттен «сыртқы ІСТЕР уәзірлігінің ЖАУАПТЫ адамының басшылығымен ЖАЛҒАН
ВИЗАМЕН 13 000 (он үш мың) қытайды өткізіп. МИЛЛИОНДАҒАН ақша алыпты. Мұны жасаушы Қазақтың
кәсіпкер ҚАТЫНЫ арқылы жасапты. Сонда, бұлар — ОТАН — ХАЛЫҚ — ҰЛТ — ҰРПАҚ — ұғымдарына түкіргендері
мен пысқырғандары ғой…
Ұрпақ тәрбиесі жайында айтылған ТЕЛЕ-РАДИО хабарларым да : — ӘЙЕЛ ҚАУЫМЫ БҰЗЫЛҒАН ХАЛЫҚ — ОЛ
БАҚЫТСЫЗ ХАЛЫҚ және БІТЕТІН ЖҰРТ — дегеніме ОНДАҒАН жылдар болды. Міне, осының ДӘЛЕЛІНДЕЙ —
Қазақтың ӘЙЕЛДЕРІ мен ҚЫЗДАРЫ өзара және СӘБИЛЕРІМЕН жаппай ОРЫСША сөйлесіп, ауыздарынан
жарыса бұрқылдатқан ТЕМЕКІНІ көресің ?!.. Бұл ҰЛТТЫ түп-тұқиян…ҰРПАҒЫМЕН ҚҰРТУ осы болса керек.
Мұның себебі неде ? Ойлана толғанып зерттесек, ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ жоқтығының жемісі екені
анық. Осы мәселені, — «САЯСАТ пен ИДЕЛОГИЯ бір ме ?» — атты мақаламда 1995 жылы «ЛЕНИНШІЛ
ЖАС» газетінде көтеріппін. МҰНЫ ҚҰЛАҚҚА ІЛГЕН ҮКІМЕТ те… ҚОҒАМ да болған жоқ. ОСЫ КӨРІ
НІСТЕРГЕ ШАЛАҚАЗАҚТАР қосылып, тіпті асқынып барады.
Мен САЙЛАУШЫНЫҢ ТІЛЕГІ ретінде, Халық пен МЕМЛЕКЕТКЕ жауап беруші… тұңғыш
ПРЕЗИДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН мырзадан, ҮКІМЕТ деңгейінде… Қазақтың Әйелдері мен Қыздарының
ТӘРТІПТЕРІН талқылап, РУХАНИ имандылық деңгейінде шешуін сұраймын. Бүкіл ҚАЗАҚ халқының
үлкені мен кішісі түгелдей қолдап, пәрменді түрде ат салысуларын өтінемін… -
- Жауап
- бн, 31/07/2014 — 8:53

Аслан Сәрінжіпов:
Сәлеметсіз бе, Совет-Хан аға!
Ұлттық идеологияны қалыптастыруға байланысты пікіріңізге қатысты айтарым: қазір Білім және ғылым министрі орта білім беру стандарттарын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Онда орыс мектептерінде тек қазақ тілін ғана емес, Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті сияқты пәндерді де қазақ тілінде оқыту мәселелері қарастырылып жатыр.
- abai.kz
-
-
-
-



