Автор: admin

Украинаның шығысында құлаған Малайзия жолаушылар ұшағының жазба жүргізетін құрылғысы (ауызекі тілде — қара жәшік) Украина мамандарының қолына түскен. Бұл туралы Украинаның жергілікті баспасөзі сыртқы істер министрі Павел Климкинаның сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Министр «Ұшақ апатын тексеретін халықаралық комиссия құрылғанын, оның құрамына ICAO (International Civil Aviation Organization — Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы), Нидерланд, Малайзия және АҚШ сарапшылары кіргенін» хабарлаған. Малайзия әуе компаниясының АҚШ-та жасалған Боинг-777 авиалайнері 17 шілде күні Украинаның сепаратистер мен үкімет әскері соғысып жатқан Донецк облысында апатқа ұшырады. Бортындағы 300-ге жуық адам түгел қаза тапты. Ресей мен Украинадағы ресейшіл сепаратистер бұған Украина билігін айыптайды, ал Киев «ұшақты атқан…

Read More

Отызыншы жылдары Зият Шәкәрімұлы Құнанбайдың ұрпақтарымен бірге Қытай асып, Тарбағатай, Алтай тауларын паналаған. Зият Қытай жерінде жүріп те, оқу-ағарту жұмыстарына белсенді қатысады. «Шыңжаң-Алтай» газетінде қызмет істеген жылдары, Алаш қозғалысының белсенділерімен қоян-қолтық араласады. Кейіннен 1936 жылы қызмет бабымен Үрімшіге қоныс аударады. Сонда ол тұңғыш рет өзінің құпиясын ашады.  Көбен Асқарұлы, жазушы, ақын: -Кәрім Дүйсебаев деген кісі болған. Қазақстаннан қашып келген. Осы адамға Зият: «Мен Үрімшіге кетіп бара жатырмын. Қазақ аз ол жақта. Сіз қалың қазақтың арасында отырсыз ғой. Мынау әкемнің қолжазбасы еді. Құдайға аманат, сізге аманат!», — деп тапсырып кетіпті. Бұл құнды құжат Кәрімнің қолында көп тұрмайды. Ол да көп…

Read More

Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына  шын көңілден көңіл айтты. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Read More