Автор: admin

Руслан МЕДЕЛБЕК Футболдан Бразилияда өткен әлем чемпионатын Германия құрамасы ұтып алды. Жексенбі күні Рио-де-Жанейрода өткен финалдық матчта Германия ойыншылары Аргентина құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Финалда тоқсан минут бойы есеп ашылмай, кейін қосымша уақыттың 115 минутында неміс шабуылшысы Марио Гетце салған гол Германия командасына жеңіс әкелді. Германия құрамасы осымен әлем чемпионатын төртінші рет ұтып отыр. Бұған дейін бұл ел 1954, 1974 және 1990 жылдары әлем біріншілігін жеңген. Аргентина мен Германия әлем чемпионатының финалында осымен үшінші рет кездесті. 1986 жылғы шешуші матчта Аргентина 3:2 есебімен ұтса, 1990 жылғы әлем чемпионатының финалында Германия Аргентинаны 1:0 есебімен жеңген еді. Әлем чемпионатының қола жүлдесін Голландия құрамасы алды. Бұл команда қола жүлде үшін өткен матчта…

Read More

2014 жылы 12 шілде күні Павлодар қаласында Батыр Баянға ескерткіш орнатылды. goo.kz Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757) – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың»Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында былай делінген: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян менСағынбай, Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды,…

Read More

Өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келіп, қалам тартар тақырыбы басқа мен бірдей болса да, жеткізу жағында шеберлік ерекшелікке арналған қолтаңбасы бар, жалынды жас ақын. — Кейде ақындық табиғат деп ағат кетіп, Жаратушыны естен шығарып жататын қаламгерлер бар, сіз қалай қарайсыз? — «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес.»- депті ғұлама Абай. «Құдай – бір, құран –шын, пайғамбар – хақ.» Мен, осыған иланатын һам шүбәсіз сенетін көп қазақтың бірімін. Бірақ, «Алла, Алла!» деп әсіре ұраншылдыққа ұрынып, өзін жарнамалайтындардың қатарында жоқпын. Мұны айтып отырған себебім: қазіргі таңда әлеуметтік желілердің беті «Жаратушыдан қорық, өлімнен қорық,…

Read More