Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смитпен, сондай-ақ Конгресс мүшелері Грег Мерфимен, Кэрол Миллермен, Ронни Джексонмен, Уэсли Беллмен және Эдвард Кейспен кездесті-деп хабарлайды nomadtimes.kz. Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіріп, олардың бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс өтіп жатқан сапарының символдық мәніне назар аударды. Қазақстан Президентінің айтуынша, парламент сайлауы еліміздегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі басталғанын айшықтайтын тарихи уақиға болды. Бір палаталы Құрылтай заң шығару үдерісінің тиімділігі мен заңдардың сапасын арттырады. Мемлекет басшысы парламенттік дипломатия жаңа органның қызметіндегі маңызды бағыт болатынын атап өтті. – АҚШ Конгресі мен Құрылтай мүшелері арасындағы конструктивті әрі мазмұнды диалог өзара түсіністікті…
Автор: admin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді-деп хабарлайды nomadtimes.kz. Мемлекет басшысы дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Президент Құрылтай сайлауының маңызы айрықша екенін атап өтіп, бұл саяси оқиға ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. – Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау…
Радио Свобода Ресей президенті Борис Ельцин (ортада) Ақ үйдің алдында әскери танкіге шығып, ГКЧП-ны айыптап сөйлеп тұр. Мәскеу, 1991 жылдың тамыз айы. Бұдан 35 жыл бұрын, 1991 жылдың тамызында Мәскеуде Совет одағын сақтап қалуды көздеген Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ГКЧП) төңкеріс жасамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталған соң көп ұзамай одақ ыдырап, Ресей демократиялық жаңғыру мен реформалар жолына түскендей көрінген. Бірақ арада өткен ондаған жыл ол үміт ақталмағанын көрсетті. 2005 жылы Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиынға жолдауында Совет одағының күйреуін «ғасырдың ең ірі геосаяси апаты» деп атады, одан кейін де бұл оқиғаның миллиондаған адамның тағдырына әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық…

