Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген
Басты ақпарат

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261
Screenshot

Zhalgas Yertay

Әлеуметтік желіні кішкене шолып шықсаңыз, Қазақстанда қазақша біліп тұрып, орысша білмесең, жұмысқа алмай қояды; орысша жөнді білмегенім үшін жұмыстан шығарып жіберді; орысша жақсы білуімді талап етті деген жазбаларға жиі жолығасыз.
Осы тұста қоғамда болып жатқан маңызды құбылысқа назар аударсам. Шайыңызды демдеп, жайғасып отырып алыңыздар, көп әріп мәтін.
Осыдан біраз уақыт бұрын көпшілік мұндай жағдайды қалыпты нәрсе дер еді. Ал қазір жұрт мұны “әділетсіздік”, “кемсіту” деп бағалап, талқылауға шақырып, проблема ретінде жариялап жүр. Мысалы, қазақша-орысша екі тілді қатар білемін, ал әріптесім тек орысша біледі, бірақ одан көбірек жұмыс жасаймын деп жазғандар да бар.
Яғни бұл жерде тіл талабы ғана емес, қоғамның “норма” жайлы түсінігі мен өлшемі өзгеріп жатыр деуге келеді.
Ғылым да мұндай құбылысты әркелкі теориялармен түсіндіруге тырысады. Айталық бір адам белгілі бір құбылысқа жалғыз өзін ғана “наразымын” деп ойласа, онда үндемей қалады, ал басқа адамдардың да солай наразы екенін көргенде оның жекелеген наразылығы қоғамдық талапқа ұласатын көрінеді. Ғылым қысқаша осылай дейді.
Бұрын қазақша қызмет ала алмау, қазақша құжат таппау, қазақша сөйлейтін маманның орысшаға ауыса салуы, орыс тілін білуді жұмысқа орналасудың негізгі шарты ретінде қабылдауы жеке адамның проблемасы ғана болып көрінетін. Қазір ол біртіндеп жүйенің проблемасына айналып келеді. Өйткені адамдар “неге?” деп сұрай бастады. Осы сұрақ — үлкен өзгерістің белгісі деп ойлаймын.
Базаны айтсақ: бұрын қазақтар 40% еді, қазір 71% болды. Қазақша оқуды таңдайтындар саны жыл санап көбейіп барады, биыл қазақша сыныпқа барғандар 71% деп айтып жүр. Бұл енді проблеманың фундаменті, қоғамдағы өзгерістің сандық сипаты.
Бірақ ең маңыздысы — кеше ғана қазақ тілі ауылдың демографиялық ресурсына көбірек сүйенетін. Қазір Алматы мен Астанада, облыс орталықтарында негізінен қазақша сөйлейтін әлеуметтік топ өсіп шықты. Олар осында дүниеге келді, өсті, қазақша оқыды, бірнеше тілде сөйлеп жүр.
Қазір өзі қызық кезеңде өмір сүреміз. Қазақ тілі демографиялық тұрғыдан көпшіліктің тіліне айналды, бірақ кейбір экономикалық және институционал салалардағы тіл дағдысы баяу өзгеріп жатыр. Яғни мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамнан қалып қойды.
Кез келген тілдің күші үш тағанға сүйенеді: демография, оның заңдағы мәртебесі және мемлекеттік институттардың қолдауы. Біреуі ақсаса, конструкция құлайды, орнықсыз болады. Ештеңе өзгермейді. Қазақстандағы тіл жағдайына келгенде ол неге ушыға береді, неге тіл дауы көбейіп кетті дегенде осыны еске алыңыз. Себебі қазақ тілінің үш тағаны нық емес, мемлекет институттары ақсап тұр.
Тақырыптан ауытқып кетпейін. Қазіргі қоғам санасындағы ең маңызды өзгеріс — қазақ тілі енді “ұлттық символ” ғана емес. Қоғамның түсінігінде қазақ тілі жұмыстың, карьераның, табыстың тіліне айналып келе жатыр. Осындай кезде парадокстар қатты байқалады. Қазіргі жас адамның қоятын сұрағы: “неге мен қазақшадан басқа тіл білмегенім үшін жұмыстан, ақшадан, мүмкіндіктен айырылуым керек?” Дәл осы сұрақ — қазіргі нарық өзгергенінің белгісі.
Ал әлеуметтік желі бұл процесті еселеп жылдамдатты. Себебі бір адам өз мұңын шағып, желіге жазғанда оған тағдырлас, ниеттес адамдар өзінің оқиғасын айтып бөлісе бастады. Бір ғана адамның оқиғасы жарияланса, құмға сіңгендей жоғалып кетер еді. Көп адам басынан өткенін жариялай бастаса, ол әлеуметтік құбылысқа айналады. Банктегі орысша құжат дауы, кафеде қазақша қызмет көрсетпеген шу, жұмыс іздеген адамның орысша білу талабы жайлы тәжірибесі, мемлекеттік органмен қатынасы — бұның бәрі қоғамдық көзқарастың өзгеруіне жетелеп келеді, қоғамдық паттернге айналады.
Сондықтан қазір жай ғана тіл дауы жиілеп кетті дей алмаймыз. Қазір біз қоғамдағы норманың қайта келісу кезеңіне тақадық. Бұрын “орысша білмесең, қиын болады” дейтін норма болса, қазір “неге тек қазақша біліп қана Қазақстанда кемсітуге ұшырауға мәжбүрміз?” деп сұрақ қоя бастады. Бұл екі фокустың айырмасы орасан зор.
Бірінші жағдайда адам сіресіп қалған, инерциямен келе жатқан ортаға бейімделуі керек болады, ал екінші жағдайда ортаны өз ыңғайымызға қарай бейімдейміз деген азаматтық ұстаным пайда болады. Яғни бүкіл парадигма өзгереді деген сөз.
Енді не болады? Болжамымды айтып көрейін.
Сол бұрыннан айтып келе жатқан нәрсе: тіл даулары тек көбейе береді, олардың масштабы ұлғая береді, қамтитын салалар саны арта береді. Себебі қоғамдағы норма ауысқанда, ауысу процесінде дейік, конфликтілер саны және олардың масштабы тек артады. Ескі ереже әлі орнында, ал жаңа ереже әлі толық қалыптасқан жоқ. Дау осы тұста туындайды. Бірақ бәрібір балансқа келеміз. Және нәтижесінде қазақ тілі толыққанды қалалық экономика тіліне айналуы тиіс. Сонда бәрі өзгереді. Бірақ жағдайды ушықтырмай, дауды көбейтпей, нақты қоғамдық қатынас ережесін орнатуды билік өз қолына алса, тіпті жылдамырақ келер едік.
Айтпақшы, оған жеткен кезде орыс тілі ешқайда жоғалмайды. Қазақстанда орыс тілінің нарықтағы құны қала береді. Бірақ оның позициясы “бәріне міндетті әрі әдеткі” тілден гөрі нақты салаға байланысты қажетті тілге айналады.
Ең маңызды өзгеріс те осы: бұрын негізінен қазақша сөйлейтін адам жүйеге бейімделетін, енді жүйенің өзінен қазақша сөйлейтін адамға бейімделуді талап ететін үлкен әлеуметтік топ қалыптасты.
Ең үлкен өзгерістер осылай басталады өзі: бұрын бәрі үндемей қабылдаған құбылысқа біреу келіп “неге?” деп сұрақ қоя бастайды.
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМаңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Next Article ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

Оқи отырыңыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

…бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек.

09/09/20261

Тоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті

06/09/20268
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201462

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.