Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ғылымды әрі қарай дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдеріқатысты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров әрі қарай мемлекет қауіпсіздігін нығайту, қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру туралы Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында өткен тақылаудығ өзектілігін атап өтті. Әскери ғылым саласындағы жүйелік «ақтаңдақтарды» атап көрсеткен Т.Мұхтаров ҚР ҚК ғылыми қызметінің тиімділігін арттырудың басым бағыттарының қатарында әскери және техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, ғылыми-эксперименталды база құру, отандық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін әзірлеуде технологиялық әлеуетті пайдалануды атады. Талқылау барысында…
Автор: admin
Өз сөзінде Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы еліміздің бірегей өнім түрлерін өндіретін ірі өнеркәсіптік өңірінің бірі екендігіне тоқталды. – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты өңір кәсіпорындарының алдынан жаңа нарық ашылуда. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға зор көңіл бөлінуде. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы қарыштап ілгерілеуде. Облыста майлы дақылдардың төрттен бірі өндіріледі, ет пен сүт өндіруден жетекші орында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бүкіл республика бойынша басымдыққа ие шағын және орта бизнес секторының бұл өңірде қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталды. – Шағын және орта кәсіпорындар шығаратын өнімдердің көлемі екі жарым есеге ұлғайды, барлық жұмыс істейтіндердің үштен бірі осы…
BAQ.KZ – Ер Жәнібек батырдың өмірі туралы орыс тілінде шыққан деректер қазақ тіліне аударылады. Бұл туралы бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде қазақтың әйгiлi батыры Жәнiбек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған конференция кезінде ғалым Дихан Қамзабек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Ер Жәнібек туралы орыс тілінде шыққан деректер қазақ тіліне аударылады. Сонымен қатар, батырдың 300 жылдығына арналған шаралар еліміздің барлық аймақтарында жалғасын табуы тиіс. Ер Жәнібекті насихаттау үшін қазақ анимациясын тиімді пайдалануды да қолға алу керек. Алдағы уақытта Ер Жәнібек және Қазақ хандығы зерттеулер жүйесі құрылады. Зерттеулерді түрік, ағылшын тілдеріне аудару қолға алынады», — деді Д.Қамзабек. Айта өтейік, аталған бастама…

