Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Руханият»«Бос қайыққа ашуланбайық»
Руханият

«Бос қайыққа ашуланбайық»

27/06/20141
"Бос қайыққа ашуланбайық"
"Бос қайыққа ашуланбайық"
Galym Bokash

ОРАЗА

Баяғыда бір ашушаң молда болыпты. Баласының шуын, әйелінің назын, құрдасының қалжыңын көтере алмай шырт-шырт етіп тұрады екен. Ызақор мінезі қанша жерде ұятқа қалдырса да, қалшылы басылмай өмір сүріп жатыпты. Бір күні жұма намазындағы құтпасында ыңғайсыз сұрақтар көп қойылып, құлшылықтан соң көңілі болыңқырамай қабағын қайшылап үйіне келсе, әйелі ас әзірлеп үлгермепті, баласы терезе сындырып қойыпты, көршісі атын сұрамай мініп кетіпті. Ашудан жарыла жаздаған молда елдің бәрімен ұрсысып, үйінен шыға жөнеліпті де, ешкімді көргісі келмей, ешкіммен сөйлескісі келмей, жақын маңдағы көл жағасында қаңтарылып тұрған көп қайықтың біріне міне салып дарияның ортасына бір-ақ жетіпті. Тып-тыныш табиғат ортасында жалғыз қалған жаны жай тапқандай болып, тасбиығын тартып, құлшылықтан шын ләззат алғандай сезімге бөленіп, «Е, жан тыныштығы осы екен ғой» деп көзін жұмып мүлги қапты.

Сол кезде белгісіз біреу қатты екпінмен келіп бүйірінен сарт еткізіп соғып, қайығын да, молданың жан дүниесін де астаң-кестең етіп шайқап жіберіпті. «Су ортасында да тыныштық бермеген бұл қай кәззап?!!!» деген оймен ұшып түрегеліп, көзін аша сала қаһарын төгіп жібергісі келген молда өмірінде бірінші рет сілейіп тұрып қапты. Қараса, мұны байлауы шешіліп кеткен бір бос қайық келіп соққан екен. Өмірінде бірінші рет көз алдында өшін алатын адам табылмай, лықсып келген бүкіл зәһар сөзі көмейінде кептеліп қалған молда буыныңқырап барып басылыпты, бірте-бірте бетінің қызылы да тарапты. Ашуы сыртқа шықпай өз бойымен бейбіт басылып болған кезде өзі де сылқ етіп отыра кетіпті де, өмірінде бірінші рет көзіне жас алыпты. «Нағыз құлшылық деген сабырмен өз бойыңдағы мініңді жығу екен ғой» деген ақиқатты ашқан молда кешкісін үйіне бала-шағасы мен дос-жаранын аң таң етіп, адам танығысыз мүмін кейіпте оралыпты. Кейін өзін ашық балағаттап, жөнсіз соқтыққандарға назар аудармай, өмірдегі түрлі қиындықтарға күйзелмей, жымиып қана жүре беретін дәрежеге жетіпті. «Мұндай халді қайдан таптыңыз? Жеке басыңызға тиісушілерге неге мән бермейсіз?» деп сұрағандарға әлгі молда: «Бос қайыққа ашуланбаймын» дейтін көрінеді.

Тұтқан оразаларыңызды Алла тағала қабыл етсін, достар! Рамазан айында күрт көбейетін бос қайықтарға мән бермеңіздер;)

P.S. Сурет Muhamad Ridzuan есімді кәсіби фотографтыкі. NG журналынан алдым.

Facebook парақшасынан алынды .

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleУкраина, Молдова және Грузия ЕО-мен келісімдерге қол қойды
Next Article Ер Жәнібек керейдің ғана батыры ма?

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.