Егемендігіміздің 23-шы жылында, Хан Абылай заманында туған, Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан, Халқымыздың тұтас ел болуы жолында ерен еңбек сіңірген Жәнібек Бердәулетұлы туғанына биыл – 300 жыл толыпты. осы мерей той қарсаңында «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының демеушілерінің бірі Белгілі кәсіпкер ағамыз Ділдахан Дәлелұлы мен сұхбатты ұсынамыз. Жұмабай Мәдібайұлы: Ассалаумағаликум Ділдаханаға , Биыл ЕрЖәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойы. егеменді елімізде батыр бабамыздың мерей тойын дабырылы өткізіп жатырсыздар, осы шаралар жөнінде айта кетсеңіз? Ділдахан Дәлелұлы: Баба рухын дәріптеу ұрпақ парызы, Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойы осы ұрпақтың тұсына келіп отыр, бұл тойды өткізу біз…
Автор: admin
BAQ.KZ — 7-8 маусым күндері ГФР-дағы ҚР Елшілігінің және Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы мен Берлин Қазақ қоғамының ұйымдастыруымен Берлинде Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерландия, Түркия сынды он елдегі этникалық диаспораның үш жүзге жуық өкілдерінің басын қосқан Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер мнистрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстандық делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап келді. Ол Құрылтайдың салтанатты ашылуындағы құттықтау сөзінде жиналғандарды Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы еліміздің дамуымен таныстырды. Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан…
Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру міндеті стратегиялық жоспарларға енгізілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап. «2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы болып саналады. Осы мемлекеттік бағдарламаны орындаудың үш кезеңі бар. Қазір 39 іс-шарадан тұратын 2011-2013 жылдарға арналған бірінші кезең аяқталды», — деді бүгін А.Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. «Қазтест» жүйесін жетілдіру жұмысы аяқталды. Қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлі әдістемелік кешен әзірленді. Қазіргі кезде аталған кешен барлық оқыту орталықтарына таратылды. «Ендігі кезекте,…

