Автор: admin

Жоңғарға қарсы соғыстың жеңіспен аяқтау кезеңінде ежелгі түркі даласына қатысты көптеген сауалдар туды. Оның ең бастысы – жоңғар аталған алып көшпелілер одағы жойылғаннан кейін оның иеленген жеріне кімнің қожалық етуі мәселесі еді. Мұнда бүгінгі қытайдың сол кездегі Чиң империясы ең әуелі өз ұпайын түгендеуге кірісті. Ал орыстар болса қазақтардың шығысқа бет алуы ондағы дұңған, ұйғыр мұсылман халықтарымен бірігіп, күндердің күнінде оңтүстік шекарамызға қатер тудыруы мүмкін деп қарады. Мұндағы қытай мен орыстың дәл бүгінгі қорқынышындай арғы жағында жатқан алаңдауы – ежелгі түркі жұртындағы тайпалардың қайтадан бас біріктіру қаупі еді. Шын мәнінде Чиң империясының жоңғарларды барынша әлсірете түсуі қазақтар үшін де оң…

Read More

1969 жылы Кереку қаласында ұлтшыл 15–16 жасар жасөспірімдер «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйым құрған еді. Сөйтіп, олар бұдан 45 жыл бұрын кеңестік қоғамның қылышынан қан тамып тұрған кезінде нар тәуекелге бел буды және сол әрекеті үшін түрлі жазалау шараларын бастан өткерді. Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Ертістің Кереку өңірі өзге аймақтарға қарағанда Ресей империясының басқыншылығына ертерек ұшырады. Кеңес үкіметі кезеңінде Тың өлкесі құрамына енгізіліп, байырғы тұрғындар орыстандыру саясатының зардабын да өзгелерден гөрі көбірек тартты. Тың игеру басталған 1954 жылдары туған біз – жергілікті қазақ балалары және тың игерушілердің балалары өсе келе ұлттық белгіміз ғана емес, ұлттық мүддеміз бойынша да айырмашылығымыз бар…

Read More

 Ақшатай Изахметова Балуан Шолақ атамыздың туып-өскен жері Ақмола облысының Бұланды ауданы. Астана-Көкшетау бағытында Елтай атты шағын станса бар. Балуан атамыздың соңғы тұрақ тапқан жері, яғни зираты осы стансаның сыртындағы Тастыөзек дейтін шұрайлы қойнауда.  Атамыз көзі тірісінде отаршыл халықпен қатты жауласқан екен. Олар Шөкең өлген соң да тыныштық бермесін сезген елдің үлкендері Қайрақты өзенінің бойына жалған зират орнатып, оларды алдаған. Жоғарыдағы Тастыөзекке таяу алты-жеті шақырым жерде Қызыл кордон атты ауыл бар. Кезінде бұл жерде ақ патшаның атты жасағы орын тепкен көрінеді. Бертінде ауыл орман қорғаушылардың орталығы болды. Шолақ атамыздың от-ошағы дәл осы ауыл тұрған жер екен. Балуан атамыздың ауылын былайғы жұрт…

Read More