Қазақстан Президенті Түркияның Бодрум қаласына Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің Төртінші саммитіне қатысу үшін келді. Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. akorda.kz
Автор: admin
ХХ ғасырда қазақ ұлт ретінде жойылып кете жаздады. Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс жылдарындағы апат және т.т. Ақтардан бір қырылып, қызылдардан тағы бір аяусыз теперіш көрген қазаққа қалқан зиялы қауымы болды. Сол үшін оның барлығы дерлігі қамауға алынып, алды ит жеккенге айдалып, арты атылып кетті. Алайда осы тарихи жайттар туралы бүгінгі тәуелсіз ел мектебіндегі оқулықтардан шала-пұла нәрсені ғана көріп қаламыз. Салдарынан тарихи санамыз толыққанды қалыптаса алмай жатқан жайы бар. Оған кім кінәлі? Тарихшылар ма, әлде басқасы ма?.. Бүгіндері мектеп оқулықтарынан «Бесеудің хаты» дегенді жақсы білеміз. Бірақ «Алтаудың хаты» туралы онда дерек кездеспейді. Шынтуайтында, Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыстанов, Ғ.Тоғжанов, Б.Айбасов, О.Жандосов…
“Хабар” арнасында ерекше ән-кеші !Хан Абылайдың оң тізесінен орын алған, сенімді сардарының бірі Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл. Батырдың құрметіне орай ұйымдастырылған кеште Роза Рымбаева, Талғат Күзембаев, Рамазан Стамғазиев, «Нұр-Мұқасан», «Қоңыр», «Жігіттер», «Кешью» топтары Ерлан Ырысқали, Отанбек Еңсехан, Жұбаныш Жексенұлы ән салады. 7 маусым , сағат 18.15. «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!

