Автор: admin

Діни басқарманың ережесіне канондық жауапкершілік деген қағиданы енгізбесек, ішімізге түрлі жамағаттың өкілдері кіріп алып, елдік мүддені талан-таражға түсіреді. Ең үлкен қорқынышты жағдай – жамағатқа кіріп кеткендердің негізгі дені өзіміздің қара көз қазақтарымыз. Оларды жамағатқа кіріп кеттің деп жазалауға заңдық тетік жоқ. Сол үшін жамағаттардың сыртқы байланысын қауіпсіздігіміз үшін үзу керекпіз. Түркиядағы соңғы жағдайлар әлем назарын өзіне аударып отырғаны мәлім. Қақ жарылған ала пікірлі топтың көксегені не? Діни ағымның көсемі тұтас ұлттың саясатына неге араласты? Жалпы Түркиядағы бүгінгі ахуал қандай? Анадолылық бауырларымыз бетпе-бет келген мәселемен біздің дөп келмеуіміз үшін не істемек керек? Міне осы және өзге де сауалдар төңірегінде Нұрбек Бекбау…

Read More

Әртістерден құралған Қазақстан футбол командасы әлем чемпионаты – «Арт-футбол» фестиваліне қатысуда. Бірінші матчта қазақстандықтар Голландия командасына есе жіберді, – деп хабарлады Vesti.kz. Алғашқы кездесуде қазақстандықтар голландиялықтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Отандық әртістердің арасында қарсыластардың қақпасына жалғыз допты дарытқан Сұлтан Күнтуған болды. Басқа матчтарда Ресей Эстонияны 2:0 есебімен ұтты. Екінші ойында Қазақстан Ресеймен, ал Голландия Эстониямен кездеседі. Бұл жарысқа әлемнің 16 командасы қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Ереже бойынша, әрбір команда әртістерден басқа 35-тен жас емес екі кәсіби футболист пен бір танымал спортшыны (футболист емес) қатыстыра алады. Отандық эстарада жұлдыздарынан құралған Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Абдулкәрім Кәрімов (әнші), Ақылбек Досжанов (продюсер);…

Read More

Мойынуымыз керек, Алаш идеясы – ең алдымен аман қалу идеясы. Абылайдың заманында да, Алашорда дәуірінде де және бүгінгі таңда да қазақ алпауыт елдердің азуынан аман болуды ғана ойлап, сол үшін амал жасап жатқан жұрт. Бөрі арығын білдірмес деп желке жүнімізді қанша күдірейткенімізбен шама-шарқымыз белгілі, аюмен алысып, айдаһармен жұлысатындай қауқарымыз жоқ. Бұл бөтеннен қорқу, жаттан жасқану да емес, бұл – шындықты мойындау. Абылай да, Алашорда да мойындаған шындық. Салыстыра айтсақ, 200 келі тартатын алыппен 30 келі салмағы бар бозбала қанша жүректі болса да күресе ала ма?! Жағаға жармасса өзін-өзі жарға итергені. Оны тек ақылды айла-тәсілмен, салқын сабырмен және жүректегі сеніммен ғана…

Read More