Автор: admin

ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚТАР Еуразия университетіне көне Табғаш астанасынан өкілдер үйірмесі келді. Си-ань шет тілдері университетінің (Xi`an International Studies University) ректоры, проф. Лю Юэлянь ханым ЕҰУ ректоры, проф. Е.Б.Сыдықов мырзамен болған кездесуінде оқыту мен ғылыми-зерттеу бағытында көптеген мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Шетелдік қонақ сондай-ақ, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Б.Сомжүрекпен, Конфуцзы институты директоры С. Қошановамен, Шығыстану кафедрасы меңгерушісі С.Төлеубаевалармен кездесіп, нақтылы қарым-қатынас жағдайын сөз етті. Университетіміздегі Күлтегін ескерткіші мен жазу тарихы мұражайын аралап, ғалымдарымыздың ұлттық тарихи сананы қалыптастыру бағытындағы қолжеткен табыстарына жоғары баға берді. Тұрсынхан Зәкенұлы facebook парақшасынан алынды

Read More

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Ресми өкілі А. Әбибуллаевтың түсініктемесі Сириялық оппозицияның жекелеген өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауын алғанымызды және ол осындай жағдайға сәйкес және сыпайылық ережелері талап ететіндей қарастырылғанын растаймыз. Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атынан жауап-хат жолданды. Біздің еліміздің принципиалдық ұстанымдары келесі мәселелерді қамтиды: Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтың қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияның зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайды. Осыған орай, Қазақстан Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша…

Read More

Талдықорған қаласындағы авиациялық базаға Иркутск қаласынан (Ресей Федерациясы) 4++ буынына жататын Су-30СМ жаңа жойғыш ұшақтары келіп жетті. Бұл ұшақтар 7 мамырда Астанада өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлер парадына қатысады. ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Әскери-әуе күштері екі орындық көп функциялы 4++ буынына жататын Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толығып отырғанын атап өткен жөн. «Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық паркі Су-30 СМ жоғарғы ұтқыр ұшақтарымен толықты. Бұл Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік қуатының артқанын көрсетеді. Бұдан басқа, ұшақтың жоғарғы техникалық мүмкіндіктері ұшу құрамы даярлығының биік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Су-30СМ ұшағы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің қорғанысын айтарлықтай…

Read More