Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тағылым»ОСПАН деген — ордалы елдің қолға ұстаған қынабы жоқ қылышы!
Тағылым

ОСПАН деген — ордалы елдің қолға ұстаған қынабы жоқ қылышы!

24/04/20150

«Жауап бер» — деп қолындағы тапаншасын
шошаңдатты сұс көрсетіп батылды.
Сосын тағы ескертті оған:
«Егер бізге өз еркіңмен басыңды иіп
қызмет етсең және ерлік көрсетсең,
Үлкен сыйлық беріледі, қолбасшы боп сайланасың.
Бұл әрине саған берген зор мүмкіндік ақырғы.

Кәзір маған жауабыңды айт ой жібермей басқаға,
Сөзің маған ұнар болсын,
онда қыста көк балдырған гүл егесің тасқа да.
Егер сөзің ұнамаса және менің айтқаныма көнбей жатсаң
осы алаңда, осы халық алдында,
Ертең түсте атыласың. Ал кәнеки сөйле» — деді,
мұртын сипап кеуде керіп мастана
Сонда ғана батыр Оспан орынынан көтерілді
маңғаздана көз жіберіп алысқа,
Ашу, ызы және мысқыл тебіндеген
өң келбеті бекінгендей ұзақ ұлы жарысқа.
Алаң толы көп қалайық тым тырыс боп ішке тартып демдерін,
Қарап тұрды алып тұлға арысқа.
Маңғаз батыр аз тұрды да нажағайдай жалт бұрылды
масаттана сауал қойған дұшпанға,
Өр мінезін тоғыстырып сабыр салмақ ұстамға:
«Өй ақымақ не деп тұрсың сандалып,
Танымасаң Қазақ деген бір халық бар өр халық
Өлсе дағы ол бас имейді сен сықылды тышқанға.

Сол биіктен көтерілген мен көкбөрі Оспан деген ерлікпін,
Жүзі деп біл өрттіліктің, өрліктің.
Көп дұшпанға қолым тиді, оғым тиді тар жолында теңдіктің,
Нарқы осындай, парқы осындай боп келеді ертеңі асқақ елдіктің.

Қылмысым сол:
Жанынан да, арынан да биік қойып ас қамын,
Әлін білмей жайын елге қол көтерген шапырлардың
қанын судай шашқаным,
Лайламай тазалықтың, ұлылықтың бастауын,
Биіктерден асқаным.
Сендей сайқал қайдан ұқсын
ондай асқар асқақтықтың астарын.

Жәңе тағы не дедің сен:
«Егер бізге басыңды иіп ерлік етсең сыйлық берем» — дедің бе,
«Ал өйтпесең атыласың тегінде…»
Өй байқұс — ай өлім деген сендер үшін қорқыныш ә,
ал біз үшін ойыншық,
Көк тағысы қыран бүркіт
інге кіріп күн көрмейді, көз жұмады көгінде.

ОСПАН деген — ордалы елдің қолға ұстаған
қынабы жоқ қылышы,
Ол иілсе ел сынады, шайқалады ырысы.
Өйтіп мына тұғырлы елді
тұтқын етіп сатқын өмір кешкенше,
Тұлпар кеудем оқты мылтық ауызына
қарсы тұрып тамамдалсын, дұрысы.

Ерлік деген дұшпанына бас иіуден басталад деп
қандай әкең нұсқады,
Сен жақсылап ұқ мынаны
біздер сірә жалғамаймыз жамауға әкеп қысқаны.
Таудың елі тауға ғана бас иеді,
тілейді олар құзар биік ұшпаны,
Қатындарға қатын болып жарық көру
сен секілді сүмелектің ұстамы.

Өлімменен таусылмайды
батырлардың маңдайдағы бақ кені,
Хас қыранның қанатына тарлық етер
жаймашуақ жат көгі.
Батыр болсаң қолымды шеш қылыш ұстат
жекпе жекте басыңды бер ерлікпен,
Оған дәтің жетпейді екен қымсынбаймын
қарсы алдымнан қарап тұрып ат мені.

Әй білмеймін оған дағы дәтің жетпес
сенде жалын көрінбейді ақ алмастай жарқылдар,
Ондай жалын сенде болар жөні де жоқ
әлмисақтан табан жалап тамақ табар салтың бар.
Қол аяғым байлауында
қол, тізеңді қалтыратып атсаң мүмкін көз жұмып,
Менің ерлік еркіндігім күнде сенің түсіңде кеп
тышқан алған мысықтай боп алқымдар.

Болды менің сөзім бітті, не қыласың қыларыңды қыла бер,
Жүз жыл мүмкін өтсе дағы мені ұмыт қып өшірмейді
алтын Алтай қырқасы мен құба бел.
Ел басына оңайлықпен бақ қонбайды
есілдері жанын пида етпесе,
Ел жері үшін жанын қиған қыршындарын
мәңгі бақи құрметтеумен тынады ел»

Anuar  Shotbay's photo.
 Anuar Shotbayдің facebook парақшасынан алынды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕлбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысты
Next Article Елбасы қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262

ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.