Автор: admin

  Ер Жәнібек – 300 аясында атқарылып жатқан іс- шаралар: — Жеңіс мырза,  сөз басында өзіңіз вице-президенті болып келе жатқан «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының құрылуы мен мақсат-міндеттері туралы айта кетсеңіз. — Ел тәуелсіздігімен бірге ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың ерлігін, өнегелі істерін насихаттау арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрибелеу ісі кең етек алып келеді. Соның қатарында аттары ұранға айналған  әйгілі қолбасылар –  Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Наурызбай, Батыр Баян сынды баһадүрлер қатарында Абылай ханның сенімді батырларының бірі болған Ер Жәнібек Бердәулетұлының ерлігін ұлықтап, есімін есте қалдыру мақсатында 2009 жылы Алматыда Жәди Шәкен, Ырысбек Тоқтасынұлы, Қойшыбек Мүбаракұлы, Ұлан Бапайұлы қатарлы…

Read More

Ресей президенті Владимир Путин ресейшіл сепаратистердің Донецкіде ондаған адамы қаза тапқан ұрыстан соң Украинаның шығысындағы әскери операциялардың дереу тоқтатылуын талап етті. 27 мамыр күні Украина ішкі істер министрі сепаратистерден босатылған Донецкінің халықаралық әуежайын бақылауына алғанын хабарлаған. Әуежайда болған операцияда қаза тапқандардың нақты саны туралы ресми мәлімет әзірге белгісіз. Сепаратистер қаза тапқандар саны 30-дан 120 адамға дейін жетуі мүмкін дейді. Донецк мэрі 40 адамның (екі бейбіт тұрғын мен 38 сепаратистің) қаза тапқанын айтады. Украина ішкі істер министрі Арсен Аваковтың айтуынша, украин әскері шығынға ұшырамаған. Украинадағы кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Петр Порошенко шиеленісті шешу үшін Мәскеумен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін…

Read More

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам колумбиялық Франсиско Кордероны жеңгеннен кейін рейтингте 24 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kzспорт порталы. Жалпы рейтингте Қанат 82 орынға жайғасса, орта салмақтағы боксшылардың ішінде ол үздік он боксшының қатарына қосылды. Ал, Boxrec.com порталы қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылары тізіміне қосыпты. Қанат Исламның өзі осы жылдың соңына дейін WBA тұжырымының чемпиондық атағы үшін таласуды мақсат етіп қойып отыр. Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр. Қанат кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан…

Read More