Автор: admin

Galym Bokash Facebook парақшасынан алынған пост Бүгін ресми түрде қызметіне кіріскен Үндістанның жаңа премьер-министрі Нарендра Моди пост-советтік қоғам көп біле бермейтін, бұл елдің мүлдем басқа қырын бейнелейтін адам. Кезінде Мәскеу «ешкімге қосылмау қозғалысының» беделді мүшесі болған Делиді социалистік лагерьге тарту үшін совет азаматтарының санасында «ғажайып Үндістан» образының (кино, жібек, шай) орнығуына барын салды. Махатма Гандиді миллиондаған үндістандықтың қадір тұтқаны туралы айтып-жазғанда, оны миллиондаған үндістандықтың жек көргенін жасырды. Джавахарлал Нерудің «бесжылдықтарын» мақтағанда, оның тым технократ, секулярист партиясының өз халқынан қаншалықты алшақтап кеткені туралы терең зерттеулер жасатпады. Индира Гандиді дәріптеген кезде оның автократияға жуықтаған сыңаржақ ішкі саясаты туралы тіс жарғызбады. Пәкістанды бөліп…

Read More

Ресейдің империялық саясаты қабына бастағалы көршілерімізде де, әлемде де маза жоқ.   Қырымды қанжығасына байлап, Евразиялық экономикалық одағын құрды. Украинадағы қырқысты да отын қағыстырып отыр. Украина Қырымды  қойып, Шығыс обылстарынан айырылып қалам ба деп алаңдай бастады. Дәл осы жерде кім ұтып, кім ұтылып жатыр деген заңды сұрақ туады. Қырым Ресейге сіңіп барады. Бұл Путиннің халық арасындағы беделін көкке көтерген уақиға болды. Онсыз да басқа бұратана халықтарды отарлап дәніккен орыс шовинистерінің қуанышында шек жоқ. Тіптен Украинаны жұтып алып, Қазақстан мен Балтық елдері  сынды орысшыл халқы көп мемлекеттерге де ауыз салғысы келеді. Орыстың соры қайнауы мүмкін Ресей билігі «Жаңа Ресей» атты шығыс…

Read More

Құзырлы орын өкілдерінің әуенінен «Қазақ көшін» тоқтату пиғылын аңғаруға болады. Тіптен бұл саясат  зялы қауым мен қалың қазақтың наразылығын баса тұру үшін жасалған сөз жүзіндегі құр уәде болуы да ғажап емес. Үкіметтің қаулысы  неге қауқарсыз? Қандастар үшін тұрақты тіркеуге тұру – қияметтің қыл көпірі. Бұл жайт  шетелдегі 7 миллион қандасымыздың ішінен Ата жұртқа оралғысы келетіндердің  жолын қиындатып-ақ  тұр.

Read More