Автор: admin

  Үстіміздегі жылы Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толып отыр. Ел аузында  -даңқты қолбасшы, би, шешен, батыр атанған Жәнібекке —  Абылай  хан  бір   ауыз  сөзбен — «Ер Жәнібек» деп ат қойған деседі. Бауыржан Момышұлы орыс командирлерінің өздерінің бұйрықтарын түсінбеген қазақ жауынгерлеріне ұрсып жатқанының үстінен түсіп, олардың өздерін сапқа тұрғызып қойып, «оңға», «солға» деп бұйрық беріп, жазалаған. Қайрат Рысқұлбековтың «Қазақ деген атым бар, Он сегізде жасым бар, Еркек тоқты  құрбандық, Атам десең атыңдар», деп айтуына — осы аталарымыздың үлгісі, батырлығы, өнегесі рух бергені сөзсіз. Ер Жәнібек (1714 -1792) қазақ елі тарихындағы  айтулы тұлғалардың бірі, Абақ керейдің Жәнтекей тармағынан. Жәнтекейден — Сүйіндік, одан…

Read More

Қытайлық ақпарат құралдары «22 мамырда Үрімжі қаласында базарда болған жарылысты бес жанкешті жасады» деп хабарлады. Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында болған жарылыстан 31 адам қаза тауып, 94 адам жараланған еді. Белгісіз үш адам екі көлікті базар аумағына айдап кіріп, терезеден жарылғыш заттар лақтырып, сол маңда бірнеше жарылыс болған. Қытай коммунистік партиясының ресми People’s Daily басылымының хабарлауынша, билік оқиғаны тексеріп, жарылысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Соңғы үш аптада Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында осымен үшінші рет шабуыл жасалып отыр. Сәуірдің соңында Үрімжідегі теміржол вокзалында пышақпен қаруланған адамдардың шабуылы мен жарылыстан бір адам қаза тауып, 79 адам зардап…

Read More

Халықаралық жиын «Көршінің отына өшіккен, өз сақалын өртейді», деген қазақ нақылымен ашылды.   Қазақтың астарлы  сөзін Шанхайға жиылған бірнеше мемлекеттің басшылары мен саясаткерлері бүгін Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің аузынан естіді.   Мәртебелі де маңызды саммиттің бұлайша басталуы заңды да, өйткені, Азиялық кеңесті құру идеясын осыдан 22 жыл бұрын біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді.   Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары 4 жылғы кеңесінің төрағасы Түркия еді, енді Қытай Халық Республикасы қабылдап отыр.   Жиында сөз сөйлеген Қазақ Президенті жаһан құндылықтарының жылдам өзгеріп бара жатқанын айтты. Төзімсіздік, агрессия, терроризм мен экстремизм, бір сөзбен айтқанда, бұрын бұғып жатқан қауіптер жылдам бас…

Read More