Ердің жасы 50 жасқа келдіңіз. Әлеуметтік желілерде Сізді құттықтап, ізгі тілектерін жолдаушылардың саны өте көп. Сераға (Серғазы Мұхтарбек) елуге толғанында «жұрттың жан-жақтан жабылып құттықтауынан, маған айтқан сөздерінен кейін президенттің қалай жарылып кетпей жүргеніне таңғалдым. Айналаң жамырап «сен кереметсің, саған тек жақсылық тілеймін» деп айта берсе, адам кәдімгідей өзгере бастайды екен. Апырай-ә, деп көкірек кере бастадым» деп қалжыңдағаны бар еді. Сол елу жасқа келген Cізде нендей өзгерістер «байқалуда»? Соншалықты бір өзгеріс бола қалды деп айту қиын болар (күледі). Дегенмен өтіп бара жатқан өмір адамға күнделікті сабақ беріп отыратынын ескерсек, әрине, елу жастың өзге отыз не қырыққа ұқсамайтын өз сипаты бар. Ең алдымен,…
Автор: admin
Бұл жайлы айтпас бұрын, Сәкен Сейфуллин революциялық күрес жолына қалай келді?- деген сауалға жауап іздеп көрейік. Патша тақтан түскенде ол тарих доңғалағының кері айналмайтынын, қоғамға түбегейлі өзгеріс керек екенін тез ұғынды және тәуекелдің «жел қайығына» мініп, отаршылдық қамытын сыпырып, қоғамдық құрылысқа төңкеріс жасауға белсене кірісті. Қазақ халқының рухани және экономикалық құлдықтан босану идеясы, қазақтың өз ішіндегі қанаушы таптың озбырлық құлық-қылықтары, қазақ оқығандарының екіге жарылуы Сәкенді езілген қалың бұқараның жанашыры, жоқтаушысы болуға итермеледі. Осы орайда Сәкен Сейфуллиннің алашордашыларға не себепті сене алмағандығының бастауына себепкер болған бір оқиға жайлы 1916 жылы Ақмола Земуправында қызмет атқарған Құсайын Қожабердіұлының естелігін келтірейін: «Біз Сәкен…
Алмағайып кезеңде өмір сүрген, замананың қалпын жазбай таныған кемеңгер, елдік үшін күрескен ардагер Құнанбай, қазақ әлеүметінің көптен күткен қалаулы кинобейнесі. Фильм сценарийінің авторы — жазушы Таласбек Әсемқұлов. Фильмнің режиссері — белгілі өнер қайраткері Досхан Жолжақсынов. Оператор — Рифхат Ибрагимов. Сайтымыздың оқырмандарының өтініші бойынша киносценарийден үзінді беріп отырмыз. Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ Пролог Күзгі сахара. Бүкіл дала қоңырқай тартқан. Арқаның қызылкеріш жолымен шағын керуен келе жатыр. Алдыңғы тарантас арбада полковник шеніндегі орта жастардағы адам. Самайын қырау шалған. Жүзі шаршаңқы. Шинелін желбегей жамылып тарантастың арқалығына сәл шалқайыңқырап отыр. Одан кейінгі, шөп төсей салған жайдақ арбада Құнанбай келеді. Басында бөрік, үстінде сұр матадан тіккен күзгі шапан.…

