Туған тау сағыныш
Сан жылдық сағышымнан,
Кеңсірігім ашыды удай.
Биікті білмей өтер-ем,
Кетсем егерде, өзіңнен тумай.
Гүл ашқан сары қиялдан,
Сағатым өтуде жылдай.
Бізді сен тауым сағынасың ба?
Жылдарға жылап шағынасың ба?
Жатасың шәрбәт тәтті ұйқыда,
Ақ көрпеңді қымтап жамыласың да.
Тәңірден тілеп жалнасың ба?
Жазымыш-ау деп, бағынасың да.
Алты құрлқтың Алгебрасы бар,
Алтайдың түпкі мағынасында.
Жасымды төксем жусан сіміріп,
Шашымды жайсам самал тараған.
Біздерді сағынады ма екен,
Топ жыңғыл, бұта- қараған.
Бөрілер сағынды ма екен,
Қой тартса, үндемес бізді.
Арқалар ауырды ма екен,
Арқасы тақтайдай күзгі.
Бұғылар мөңіреп жүрме,
Біз таудың бұзауы едік.
Жарақатнан жазылды ма екен,
Құзардан құлаған елік.
Жылқылар шұрқырай ма екен?
Жел мініп қуатын бізді.
Қарақат қапыда ма екен,
Теруге баратын бізді.
Тошала толғатқан шығар,
Бошалап қызыл іңірде.
Атамның өсиеті қайда?
«Бейуақта балам жүгірме.»
Сағыну аңсау дегенің,
Тау ұлы дертіме дедім.
Алтайда айбат бар еді,
Пысқырмас өзгенің шенін.
Көз жасықа толы, Үліңгір ана,
Ертегісі бітіп, Ертіс әкенің.
Санамды сағыныш билеген сәтте,
Самұрық мініп ұшып жетемін.
Қаншама мұңдар , қордалы менде.
Дауа таппадым, дертіме емге.
Саптаяқтап қымыз, айран беретін,
Сағындым сені сахара жеңге.
Мұртын шыиратып атам отырма,
Сапралап алыс біз кеткен дөңде.
Қаракер күйі ктекен де шығар,
Жібек жалын таратып тұратын желге.
Қас сұлу Алтай аққайыңдары,
Балтыры сыздап таң атпай ерте.
Қой жайыпкеліпмызғайтын қойшы,
Жамылып алып жабағы көрпе.
Киіз сырмаққа мың ою салған,
Әжемнің жанары талған да шығар.
Қолы сынғыр шүршіт кескен,
Қарағай, Самырсын арман да шығар.
Май сорғалайтын түгін тартқанда.
Жұңғардың құмы жұтаған шығар.
Қарақұйрықтар қарауылға ілініп,
Керқұлан, бөкен ауғанда шығар,
Көктем кеш келіп, ерте кірген күз,
Жаутаңдап ағып бұлақ ерке қыз.
Баяғы күнін аңсап жылайды,
Киесі кетіп, шөжіген өлкеміз.
Ақ малта тасы алтынға айналған,
Шағылы гәуһар қымбат бағалы.
Доңыздар түртіп тоздырып біткен,
МЫҚТЫЛАР қойған, сандық обаны.
Қайыран да Алтай, қайырлымас болды,
Алты Алаш туын тіккен далаға.
Саршұнақ тышқан ін қазып алған,
Бабамның басын көмген молаға.
Автор туралы:
Көгедай Шәмерхан 1985 жылы 27 мамырда шығыс Түркістанның Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданы Өндірқара дейтін елді мекенінде туылған. 2009 жылы тарихи ата-жұртына оралған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының 4-ші курс студенті.


